×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
25.10.2015 в 23:41

«Ынтымақ, бірлік келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында алқалы жиын өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту аясында Арыс  қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен В.Комаров жалпы орта мектебі мен №17 колледжде «Ынтымақ, бірлік келісім – ең басты байлық ел үшін» тақырыбында алқалы жиын өтті, - деп хабарлады  Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жиынға Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Нұртазаева және әдіскер Ә.Мұхит, қаламыздың бас имамы А.Абдулкамал, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ысқабай, желер алқасының төрайымы Ө.Елубаева, Арыс қалалық татар-башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Р.Байков сөз сөйлеп, студенттер мен оқушыларды ауызбіршілікке, ынтымақ-бірлікке шақырды.

"Бірлік пен ынтымақ - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының арқасында қол жеткізген баға жетпес игілігіміз болып табылады. Біздер ұлттар татулығының ғажап зертханасына айналған Қазақстан сияқты берекелі елде күн кешіп жатқандығымызды мақтан тұтамыз. Кезінде бұл қасиетті мекен тағдырдың жазуымен жер аударылып, қудаланып келген талай ұлыстың баласына пана болған, басына күн туған бабаларымызға қорған болған осы топырақ - біз үшін аса қымбат. Сондықтан да, бұл мемлекеттің тең құқылы азаматы, патриоты ретінде біз  оның ары қарай да өсіп-өркендеуіне үлес қосуға мүдделіміз. Себебі, оның дамуы біздің ертеңгі ұрпағымыздың кемел келешегі үшін қажет» деді Арыс қалалық татар-башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Р.Байков.

Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен келісімнің символы, ал Ата Заң тұтастық пен татулықтың кепілі екендігі, барша қазақстандықтардың өзара түсіністік пен достық жағдайында бейбіт өмір сүріп келе жатқаны тілге тиек етілді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика