+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
26.10.2015 в 23:44

Түркістандық Абдукадыровтар отбасы «Бірге өмір сүру» республикалық фестивалінің жеңімпазы

Бүгін Астанада халықтар достастығы, толеранттылық пен отбасы құндылықтарын насихаттайтын «Бірге өмір сүру» республикалық жастар фестивалі өтті.

Фестиваль аясында әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған жас отбасылар сынға түсті. Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, еліміздің әр аймағынан көптеген отбасыдан өтініш келіп түскен. Соның тек он отбасы ғана фестивальге қатысуға мүмкіндік алды.

Шараның негізгі мақсаты - ұрпақтар сабақтастығы мен мәдениетін, отбасылық құндылықтарды сақтау. Фестиваль үшінші жыл өткізіліп отыр. Қазақстан халқы ассамблеясының қоры мен Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе - салт-дәстүр, мәдениет, рухани құндылықтарымызды жас ұрпаққа жеткізу. Бұл байқауға ең талантты, отбасында тату, өз ортасында беделді, көп ұлттан құралған жас отбасылар қатысуда. Жас шамасына келсек, тек 29 жасқа дейінгілер ғана өтініш бере алады. Отбасы мүшелерінің өз саласынан жеткен жетістіктері болуға тиіс. Бұған дейін байқау онлайн түрде өтіп, нәтижесінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен үлгілі 10 отбасы бүгінгі фестивальге қатысуға жолдама алған болатын.

Осы байқауға қатысушылардың бірі фестивалінде Оңтүстік Қазақстан облысы атынан қатысқан түркістандық Абдукадыровтар отбасы. Бұл отбасыны «Бірге өмір сүру» республикалық жастар фестивалінің бас жүлдесін  жеңіп алды.

 «Біз бұл жобаға қатысуға өтініш бергенде жеңеміз деп ойламадық. Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап келдік. Осы байқау арқылы еліміздің әр өңірінен келген көпұлтты отбасылармен танысып, достар таптық. Бұл жобаға біздің отбасымыз үшін үлкен жетістік деп ойлаймын», - дейді Абдукадыровтар отбасы.

Финалға қатысқан барлық үміткерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика