×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
27.10.2015 в 23:47

Әскери бөлімде қос мереке тойланды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы №9824 әскери бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблесының 20 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығына орай  мерекелік шара өтті. Бұл туралы аталмыш әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық бөлімінің жұмыстар бөлімінің басшысы Д.Кекілов хабарлады.

Мерекелік шараны әскери бөлімнің инженерлік-саперлық базасының әскери қызметкерлері мен мерзімдік қызметтегі сарбаздары ұйымдастырды. Мерекенің жақсы өтуіне Сарыағаш ауданындағы этномәдени бірлестіктер мен №9824 әскери бөлімінің командирі подполковник Қ.Оразов атсалысты.

Этномәдени бірлестіктердің «Бейбітшілік және келісім керуені» атты бағдарламасы Сарыағаш инженерлік батальонының шекарашыларына үлкен сый болды. №9824 әскери бөлімінің командирі подполковник Қ.Оразов шекарашыларды айтулы қос мерекемен құттықтап, қонақтарға алғысын білдірді. Бұл күні жеке құрам сарбаздары ел қорғаудағы үздік қызметтері үшін медальдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, мерзімдік қызметтегі бірқатар сарбаздарға ефрейтор шені берілді.

№9824 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық бөлімінің жұмыстар бөлімінің басшысы Д.Кекіловтің мәлімдеуінше, мерекелік бағдарлама аясында   сарбаздарға мемлекеттігімізді нығайтып, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызу үшін беріктік қорын жасап беруге бағытталған «100 нақты қадамның» мән-маңызы туралы лекция оқылған.

«Бүгінгі таңда әлем өз дамуындағы ең қиын кезеңді өткеруде деуге болады. Бұл тұрғыда біздің ел мен дүниежүзілік геосаясат, әсіресе Еуропадағы жағдайды салыстыра бастайсың. Сол кезде этникааралық қатынастың қазақстандық моделі, басқа сөзбен айтқанда халықаралық қатынас мәдениетінің тиімділігі анық байқалады. Біздің көп ұлтты ел, яғни полиэтникалық мемлекет үшін екі негізгі компонетті сақтау маңызды ол, ең алдымен этникалық өзек, екіншісі – этникалық өзектің айналасындағы мәдени құрамды сақтау” – деп атап өтті №9824 әскери бөлімінің командирі подполковник Қ.Оразов лекция барысында.

Жиын соңында №9824 әскери бөлімнің қоғамдық ұйымы батальондағы көп балалы қызметкерлердің отбасыларына сыйлықтар тапсырса,  этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздары ел күзетінде жүрген сарбаздарға өздерінің концерттік бағдарламасын ұсынған.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика