×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
28.10.2015 в 23:49

Қазақстандағы поляктар екі көшпен келген

«Қазіргі кезде Қазақстанда 50 мыңнан астам поляк ұлтының өкілі тұрып жатыр. Қазақстандық поляктардың көбі Орталық Украинадан 1930-1940-шы жылдары жер аударылғандардың ұрпағы болып саналады. Поляк қауымының өкілдері негізінде Солтүстік Қазақстанда, Ақмолада, Қарағандыда, Павлодар облыстары мен Астанада тұрады. Алматы облысы мен Алматы қаласында, Оңтүстік Қазақстан облысында  да  тұрады» деп атап өтті  «Оңтүстік Қазақстан облысының поляк мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Белошицская.

Оның мәлімдеуінше, Қазақстанға жер аударылған халықтардың ішінде поляктар бірінші болған. «Құжаттар мен мұрағаттарға талдау жасай отырып, зерттеушілер кеңестік кезеңдегі поляктардың жер аударуын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады: бірінші — 1936-1937 жылдар,  екіншісі — 1939-1940 жылдар» дейді ол.

Елена Белошицскаяның айтуынша, бірінші кезеңде қуғын-сүргін саясаты КСРО-ның барлық аумақтарында тұрған поляктарға қатысты болды. Кеңестік азаматтар болып табылатын поляктар да жер аударылып жіберілген. Зерттеушілер көрсеткендей, КСРО-ның Польша еліне қатысты ұстанған саясаты конфронтациялық болған, бұл-да жер аударудың басты себебі болған. Тағылған айыптар стандартты болған: «саяси сенімсіздік», «тыңшылық», «диверсиялық қызмет». Жер аударып жіберілгендердің бұл тобы «арнайы қоныс аударушылар» деп аталған болатын. Олар ІІХК-ның қатаң бақылауында болып отырған.

Осы кезде жер аударып жіберілгендердің жалпы саны 50 мың адамнан асты. Оларды Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Семей облыстарында орналастырған еді.

«КСРО мен Германия елі Польшаны өзара бөліскен еді, поляктардың екінші қоныс аударуы осы кезеңге байланысты болды. 1939 жылы Батыс Украина мен Батыс Беларусь еліне кеңестік әскерлер басып кірген. Поляк азаматтығы бар адамдарды қоныс аудартты, ал осындай адамдар арасында еврейлер, украиндар, беларустар мен басқалар да болды. Оларды «қоныс аударушы мен қашқындар» деп қабылдап, өкімет тарапынан оларға деген көзқарас онша қатаң болмаса да (мысалы, өкімет «арнайы қоныс аударушыларға» қатаң көзқараспен қарады), бұл туралы тек салыстырмалы түрде ғана айтуға болады. Жоғарыда көрсетілен облыстардан басқа, Талдықорған, Жамбыл мен Алматы облыстарына да осындай адамдар қоныстандырылды. Осылай, 1939-1940 жж. жер аударылғандардың жалпы саны 61 мың адамнан асты» деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, соғыс басталар алдында Қазақстанда 130 мыңнан астам поляк болған. Соғыстың алғашқы айларында олардың саны тағы да 50 мың адамға ұлғайды. «Сенімсіз халықтар» деп аталғандардың отбасылары, ал олардың ішінде егде адамдар мен балалар да болды, жүк пойыздары және малға арналған вагондармен тасымалданған.

«Қоныс аударушыларды клубтарға, тасталған жерлерге, атқора мен қораларға орналастырып қоя берген. Ол жердегі климаты шұғыл континентальды болған, сонымен бірге, қоныс аударушылар аштыққа да ұшыраған, сондықтан адамдар жаппай өле бастады. Тек қана жергілікті халықтың қонақжайлылығы мен олардың көмегі арқасында ғана қоныс аударушылар тірі қалған еді. Қазақтар поляктарға баспана әрі тамақ беріп, кейде тіпті қалған соңғы тамақты да бере қойған еді. Қоныс аударудың тірі куәгерлері, олардың ұрпағыда, мұны есіне ала отырып, оларды құтқарған адамдарға жылы ықыластарын білдіріп жатыр» деп атап өтті Елена Евгеньевна.

Қазақстанға қоныс аударылған поляктар содан беріде республиканың шаруашылық пен экономикалық саясатына атсалысып келеді. Қазіргі кезде бүкіл Қазақстан бойынша облыстық пен аудандық поляк этномәдени орталықтары өз қызметін атқарады. Поляк тілінде газет пен журналдар шығарылады, қазақстандық барлық мерекелерге поляк би ұжымдары, поляк тілінде ән орындайтын ұжымдар да қатысады. Әрбір этномәдени орталықта жексенбілік мектептер, тілді оқыту курстары жұмыс істейді.

«Әртүрлі қазақстандық поляк ана тілін тереңірек үйрену, өз тарихи отанының тарихы мен мәдениетін тану үшін Польшаға барып тұрады. Қазақстанда тұратын поляктар өз бабаларын есінен шығармай, аға буын өз ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтей отырып, өздерінің балалары мен немерелеріне насихаттап жатыр, ал жастар тіл мен тарихқа қызығып қарайды. Қазақстан соның барлығын қолдап, тиісті жағдайлар жасайды» дейді Елена Белошицская.

 

 


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика