×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
29.10.2015 в 23:52

Кітапхана - достық пен білім ордасы атты танымдық кеш өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы  А.С.Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада ОҚО Қоғамдық Келісім КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай этномəдени бірлестіктер арасында Кітапхана - достық пен білім ордасы атты танымдық кеш өтті.

Қаламыздың белсенді еріктілері мен өзге ұлт өкілдерінің жастары қатысқан кешке арнайы қонақ ретінде  Южный Казахстан газеті директорының орынбасары, бас редактор Кеңесбай Исмайлов,  ОҚО Қоғамдық келісім МКМ-нің басшысы Ербол Байқонақов, М.Əуезов атындағы ОҚМУ-нің Қазақстан халқы Ассамблеясы арнайы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты, құқықтану доценті, Асыл мұра қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғаппар Маймақов, танымал жазушы, ақын Тахир Узденов қатысты.

Кеште ғылыми-әмбебап кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы  Зәуре Мəскеуқызы оқырмандар мен келген қонақтарды Бір шаңырақ астында атты ұлттық əдебиеттер орталығы туралы презентациямен таныстырып, әрбір оқырман қадірлі қонақ екенін айтып, жастарды кітап оқуға шақырды.

Танымал жазушы, ақын Тахир Узденов  Қазақстан азаматтарының білімді,мәдениетті, өнерлі болуына кітап әлемінің тигізер әсері мол екенін өлең жолдарымен жеткізсе,  "Южный Казахстан" газеті директорының орынбасары, бас редактор Кеңесбай Исмайлов достық пен бірлік тақырыбына арналған әндерін ұсынды.

 Ал, М.Əуезов атындағы ОҚМУ-нің Қазақстан халқы Ассамблеясы арнайы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты, құқықтану доценті, Асыл мұра қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғаппар Маймақов кітапсүйер қауымға кітаптың адам өмірінде аса маңызды роль атқаратыны жайлы айтып, оқырмандарды кітап әлемімен, жаңа басылымдармен үнемі танысып, кітапты құрметтеуге шақырып,онымен жұмыс жасауды атап өтті.

Кеш соңында еріктілер мектебінің белсенділері мұндай кездесулердің керек екенін айтып, алдағы уақытта да жиі ұйымдастырып тұруды ұсынды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика