×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 184

+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
30.10.2015 в 23:54

Қазақ халқының жақсылығын ұмытпауды аманаттап тапсырды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Хасан Бациев пен ақсақалдар жастарға шешен-ингуш халықтарының елімізге қалай қоныс аударғаны жайлы сыр шертті.

Хасан Бациевтің мәлімдеуінше, шешен-ингуш халықтары Қазақстанға 1943 жылдың аяғы мен 1944 жылдың басында келген.

Осы оқиғаны көзімен көрген ақсақалдардың айтуынша, 1944 жылдың 23 ақпанында таңертеңгі сағат 5-те «Қызыл Армия» күнінде ингуш пен шешендердің үйлеріне қолында мылтық, автоматы бес қаруы сай сарбаздар мен офицерлер баса көктеп кірген.

«Олар қатты зекіп, ал кейде дене күшін қолданып, балалар мен әйелдерді, қарт адамдарды оятып, далаға шығара бастады. Адамдарды мешіттер мен мектептерге бақшаларға жинастырып, қасында автомат пен пулеметі бар мұздай қаруланған қарауылдарды қойды. Осындай аяусыз күзет аз ғана қарсылық білдіргендерді атуға даяр тұрды. Офицерлер қазірден бастап таулықтарды халыққа опасыздық жасағандар мен халық жаулары деп танылатынын және Кеңес үкімет қаулысы бойынша ортаазиялық республикаларға (Қазақстан, Қырғызстанға) мәңгі қоныстандыруға жіберетінін мәлімдеді» деді олар.

«Вайнах халқы үшін соңғы тілім нанмен бөлісу даярлығы, ниеттестік ең үлкен мен қымбат марапат болды. Қазақ, орыс, украин мен басқа халықтардың өкілдері сталиндік-бериялық қызметкерлерден вайнах халқын қорғау үшін қаншама игі істер жасады. Билік әділетсіздігі түрлі ұлттар өкілдерін бөліспей, керісінше, жақындатты. Тарихи отаннан шығару — ұлт намысына тиген жағдай, халқымыздың отансүйгіштік қасиеті-де қорланды. Әділетсіздік және «халық жауы» жарлығы адамдардың психологиясына әсер етті. Біз жердегі тозақта болып қайттық» деді Хасан Бациев.

«Сүйектен өтетін суық пен боранды далаларда қазақтар қысылып, көптеген ұлт өкілдерін (солардың ішінде вайнах халқын да) тамақтандырып, жылытып, вайнахтардың жартысын өлімнен құтқарды» деген ол шешен және ингуш жастарына өз тарихтарын және қазақ халқының жақсылығын ұмытпауды аманаттап тапсырды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика