+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.05.2016 в 11:14

Павлодарда Рәміздер күніне орай аспаннан парашютшілер секіреді

Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты патриоттар форумының соңында 3-маусым күні түске қарай орталық жағалауға аспаннан парашютшілер  секіреді, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Наталья Нефедованың айтуынша, аталмыш шара жастарды тарту және таң қалдыру мақсатында ұйымдастырылады. Авто-мото жүрістер, шерулер, кадеттердің рәміздерді алып шығуы осыған дейін болған. Ал, биыл ұшақ жалдап, оның ішінен «Мәңгілік ел» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» жалаушаларымен паратшютшілер төмен қарай секіреді.

«Мұндай форматта өткізу былтырғы жылы ойда болған, алайда ауа райының қолайсыздығына  байланысты жоспарымыз іске аспады. Биыл шараны ұйымдастыратын орын ретінде стадионды  немесе орталық  жағалауды таңдау жасау қажет болды.  Жұртшылыққа сахна төрінде не болып жатқаны  жағалаудан  көрініп  тұратындықтан, осындай  шешім қабылдадық. Бұған қоса, парашютшілер қонатын орын жұмсақ болуы үшін топырақ та қолайлы», — дейді Н. Нефедова.

Форумға алты мың адам қатысады. Бұл – өңірдегі қалалар мен аудандардың  жастар делегациялары, жұмысшы жастар, еңбек лагерьлері мен жоғары оқу орындардың, колледждердің студенттері. Бағдарламаның бірінші блогы - ресми бөлімде жастар салтанатты түрде мемлекеттік рәміздерді алып шығады.  Екінші бөлімде  басқарма өкілдері облыстың дамуына өз үлесін қосқан  25 патриот қыз-жігітті марапаттайды. Олардың ішінде балаларды құтқарып қалған, жедел жағдайда ота жасаған жастар бар. Шараның соңында сегіз парашютші жоғарыдан  түсіп, флешмобқа қатысады.

Айта кетерлігі, 2015 жылы Павлодар облысында жастар саясатын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 11 млн 923 мың теңге бөлінген. Әлемдік деңгейде ел намысын қорғайтын 1600-ден астам спортшы ғаламшардың 20-дан астам мемлекетінде еліміздің көк байрағы мен Әнұранын асқақтатып, халықаралық олимпиадалар мен кездесулерде 600-дей дарынды жастарымыз ҚР Әнұранын орындаған. «Десента» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша мемлекеттік рәміздер мен ұлттық нышандардың маңыздылығын өңір жастарының 97,5 пайызы біледі.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика