+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
19.05.2016 в 10:57

Павлодар облысында жазғы демалыста сегіз мыңнан астам оқушы табыс табады

2016 жылы жазғы демалыс маусымында Павлодар облысында жазғы  демалыста сегіз мыңнан астам оқушы табыс табады, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі. 

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітованың айтуынша,  Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен Ертіс, Железин, Успен, Качир аудандарында көгалдандыру және көріктендіру жұмыстарына бюджеттен 56 млн теңге қарастырылған. Экологиялық тәрбие беру мақсатында 300-ден астам оқушы мектеп орманшылықтарында көшет отырғызып, арамшөп жұлумен айналысады.  Сонымен қатар, Шарбақты, Лебяжі, Железин аудандарында мемлекеттік «Ертіс орманы» резерваты, Баянауыл ауданында «Баянауыл» ұлттық табиғи паркі оқушылардың төлемақысына қаржы бөлген.

«Бұдан басқа, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарында Еңбек заңнамасына сәйкес 14 жастан бастап 8-10 сынып оқушыларына бес мыңнан астам уақытша жұмыс орны ұсынылады. Жас өрендердің жалақысы шамамен 25-35 мың теңгені құрайды. Биылғы жылы демалыстың барлық түрлерімен облыста 88 мың оқушы қамтылып, 741 лагерь ашылмақ. Бұл мақсатта түрлі деңгейдегі бюджеттен 255,8 млн теңге қарастырылған. Оның 345-і мектепалды, 376-сы профильдік, 10-ы қала сыртындағы лагерьлер», — деді Б. Бексейітова.

Басқарма ұсынған ақпаратқа сүйенсек, биыл жазғы демалыста павлодарлық оқушылар Ұлыбритания елінің WARWIK университетінің еріктілерінен ағылшын тілі мен компьютерлік бағдарламалауды үйренеді. Баянауыл ауданында шетелдік мамандарды тарту арқылы мұндай шара тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. 2020 жылға дейін көптілділік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жазғы маусымда мектеп жанында, аула клубтарында және қала сыртындағы лагерьлерде шет тілдерін үйрететін 200-ден астам мектеп жұмыс істейді Сондай-ақ, аталмыш өлкеде облыстық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған 100 оқушыға оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, былтырғы жазғы маусымда өңірдегі ауылдық аймақтардағы әкімдіктердің қолдауымен 24 киіз үй тігіліп,  үш мыңнан астам мектеп оқушысы киіз үйлерде демалған. Ұлттық мүддені көздейтін «Алтын Орда», «Нұрлы шаңырақ», «Киіз үй», «Мәңгілік ел», «Ауыл» және «Жайлау» атты лагерьлер Екібастұз, Ақсу қалалары мен Шарбақты, Качир, Май және Ертіс аудандарында орын алды. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 1 миллион теңге және демеушілердің есебінен 600 мың теңге қаражат бөлінген. Демалыс маусымында өскелең ұрпақ салт-дәстүрмен, әдеп-ғұрыппен танысып, ұлттық ойындар мен атақты әншілер, сазгерлердің өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет берілді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика