+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
02.06.2016 в 16:51

Павлодар облысында жастардың мемлекеттік рәміздер туралы білімі 78,5%-ды құрайды

ҚР Рәміздер күні қарсаңында павлодарлық әлеуметтанушылар жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша өңірдегі жастардың мемлекеттік рәміздер туралы білімі 78,5%-ды құрайды, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Павлодар облысы  жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Наталья Нефедованың айтуынша, бүгінгі таңда өңірде 56 ағартушылық кездесу мен 1300 мәдени-бұқаралық шара ұйымдастырылып, 98 мың адам қамтылған. Биылғы жылы "Менің Қазақстаным" патриоттар форумына 2,5 млн теңге жұмсалған. Жыл басынан бері мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша 50 мың адамның қатысуымен 80-нен астам әлеуметтік маңызды шаралар өткізілді.

«2016 жылы 1 қаңтар – 1 маусым аралығында аймақта мемлекеттік рәміздердің жаңа өлшемдеріне көшу басталған. Мемлекеттік ту және елтаңбаның элементтері мен түстері, пайдалану мерзімі қайта қаралып,  мониторинг барысында Павлодар облысының 140 мемлекеттік органында елтаңбаның өлшемдері дұрыс болмай шықты. Жылдағы дәстүр бойынша биыл 4-маусым күні Естай атындағы мәдениет сарайында өтетін мерекелік шарада өңірдегі жастар саясатын дамытуға өз үлесін қосқан жастар марапатталады», — деді Павлодар облысы мемлекеттік бақылау департаментінің маманы Нина Успанова.

Бұдан басқа, 4-маусым күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекеттік рәміздер күні мен Қымызмұрындық мерекесіне орай бір тонна қымыз бен ыстық бауырсақ  дайындауда.  Бұл күні қазақ ұлттық қолөнерінің көрмесі ұйымдастырылып, жұртшылық назарына қолөнершілердің бұйымдары ұсынылады.   

Павлодар облысында 14-29 жас аралығындағы  175 500 адам өмір сүреді. Олардың қатарында жоғары оқу орындары, арнайы орта білім беру оқу орындарында оқитын 39000, жұмыс істейтін 52000 жас және 1260 әскери қызметтегі адам бар. Еліміздің намысын халықаралық деңгейде қорғайтын 1500-ден астам спортшы Отанымыздың Туы мен Әнұранын әлемнің 40-тан астам елінде насихаттап, паш етті. Дарынды және талантты жастардың 4000 өкілі Әнұранды халықаралық олимпиадаларда, кездесулерде, салтанатты шараларда шырқайды. Еліміздің Туын автомотошерулерде, шерулерде, «Мәңгілік Ел» ұранымен өтізілетін акцияларда қолдану ерекше маңызға ие.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика