+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
06.06.2016 в 19:33

ҰБТ-2016: Павлодар облысында 275 түлек шекті балл жинай алмады

Павлодар облысында 2,4 маусым күндері өткен ҰБТ-ның нәтижесінде 275 түлек шекті балл жинай алмады. Олардың 42-сі «екілік» деген баға алған, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі. 

Павлодар облысының білім саласындағы бақылау департаменті білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Алевтина Ведельдің айтуынша, биыл ҰБТ-ға 2564 павлодарлық түлек қатысқан. Тестілеудегі орташа көрсеткіш 88,2 баллды құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8 ұпайға жоғары. Аймақ бойынша ең жоғары балл (100,14) облыстық мамандандырылған мектеп түлектерінің еншісінде. Ал аудандар арасында баянауылдық түлектер тестілеуден 94,83 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды Ертіс ауданының мектеп бітірушілері (94,65), үшінші орынды Лебяжі ауданының түлектері (90,02) иеленді.

«Алтын белгіге» үміткер 115 талапкердің 78-і өз білімін растады.  Тестілеу барысында әр пунктте тәртіп сақшылары мен медицина саласының мамандары жұмыс істеп, түлектердің құқығын бұзу фактілері тіркелмеген. Тестілеудің алдында 1133 және аудиторияда 1511 тыйым салынған зат алынған. ҰБТ-ның алғашқы күні «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің түлегі  Айдана Әуезханова 124 балл алып, бірінші лекте ең жоғары көрсеткіше қол жеткізген», — дейді Алевтина Ведель.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі жариялаған ҰБТ нәтижесіне сүйенсек, 2 және 4 маусым күндері өткізілген тестілеуге елімізде 58343 бітіруші қатысқан. Оның ішінде қазақ тілінде - 42186, орыс тілінде - 16157 бітіруші тест тапсырған. Республика бойынша 11 бітіруші 125 баллға қол жеткізген. Олардың ішінде Павлодар облысынан Качир ауданының Тереңкөл ауылындағы Х. Оспанова атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып бітірушісі Дана Исмаилова және Ертіс ауданы Қызылқақ жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Әділ Усин бар.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуге ұзақ уақыт бойы дайындалдым. Отбасымдағы жақындарым мен ұстаздарым психологиялық тұрғыда барынша қолдау көрсетіп, сынақты сәтті тапсыруыма тілектес болды. Қарт атам мен ауыл ақсақалдары да ақ батасын берді. Үлкен адамдардың ақ тілеуі үлкен демеу болды. Бастысы, мектебімнің намысын абыроймен қорғай алғаныма қуандым. Болашақта Астана немесе Алматы қаласындағы беделді жоғары оқу орындарының бірінде экономист мамандығы бойынша білім алғым келеді», — дейді Әділ Усин.

Еске сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған 2015 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша Павлодар өңірі облыстар арасында көш бастады. ҰБТ индексі бойынша Астана қаласы қатысу пайызы жоғары болған үшін бірінші орынға, Алматы қаласы екінші орынға және Павлодар облысы үшінші орынға ие болды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика