+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.06.2016 в 12:26

Павлодар облысында мемлекеттік қызмет саласында 400-дей бос орын тұр

Павлодар облысында мемлекеттік қызмет саласында 400-дей бос орын бар, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

«Бүгінгі жас түлектерге арналған бос орындар жәрмеңкесін өткізудің мақсаты - жұмыссыз жүрген жастарды жергілікті құқық қорғау органдарына орналастыру, мемлекеттік қызмет саласына кіл мықтыларды таңдау. Қазіргі кезде еліміздегі мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар барлық мүмкіндікті ұсынып отыр. Жастар мансаптық модель бойынша төменгі лауазымға орналасып, жоғары сатыға көтеріле алады. Павлодар облысындағы мемлекеттік қызметшілердің 20 пайызын 30 жасқа дейінгі жастар құрайды. Бұл салада өңірде 5300-дей адам жұмыс істесе, 400-дей орын бос тұр. Сондықтан болашағынан зор үміт күттіретін жастар бағын сынап көре алады», — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Өтешев мәлім етті.

Облыстық жастар саясаты басқармасының бас маманы Шерхан Кокановтың айтуынша, шараға жоғары және арнайы оқу орындарында заңгер, экономика және психология мамандығы бойынша білім алған 60 шақты адам келген. Сондай-ақ, «екі қолға бір күрек» іздегендерге бос жұмыс орындарын ұсынған сегіз жұмыс беруші қатысты. Олардың қатарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Павлодар облысы бойынша департаменті, облыстық ішкі істер департаменті, облыстық төтенше жағдайлар департаменті және тағы басқа мемлекеттік органдар бар.

«Менің жасым 21-де. Биыл заңгер мамандығы бойынша жоғары оқу орнын қызыл дипломмен аяқтадым. Студент кезімнен университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатыстым. 2015 жылдан бастап Президенттік шәкіртақы аламын, полицияның қоғамдық көмекшісімін. Волейбол, футбол бойынша спорт саласында түрлі жетістіктерге қол жеткіздім. Жыл сайын Қ. Сәтбаев атындағы халықаралық оқуларға қатысып, екі жыл қатарынан бірінші орынға ие болдым. Қазіргі таңда үздік студент ретінде бас прокуратураның пулында тұрмын. Сондықтан прокуратура қызметкері болуды армандаймын», — дейді С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенті Темірлан Ахметов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар қаласының жастарға қызмет көрсету орталығында техникалық және жұмысшы мамандықтары бойынша өткен бос орын жәрмеңкесінде 50 кәсіпорынға электрші, қырнаушы және дәнекерлеуші мамандары қажет екені айтылған.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика