+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.06.2016 в 17:01

Павлодар облысында жыл басынан бері 11 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған

Павлодар облысында 2016 жылы 11 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарың іске асыру аясында өткізілген баспасөз конференциясында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Мақсұт Өтешев мәлім етті.

«Департамент тарапынан қызметкерлердің тәртібін қадағалайтын әдеп кеңесі құрылды. Алты отырыстың нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған 11 адамның екеуі өзіне сеніп артылған беделге  дақ түсірген. Олар -  Мүткенов ауылдық округінің әкімі С. Қабдығалиева мен Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А. Иманберлинов. Сондай-ақ, биылғы жылы 41 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі жарияланып, әрқайсысына жауапты жетекші белгіленді. Тұрғындардың өтінішімен 22 рет тексеру жүргізіліп, 12 тәртіп бұзушылық анықталды», — деді Мақсұт Өтешев.

Департамент басшысының айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік қызметке баратын адамдардың  саны аз. Өйткені жалақы жеткіліксіз. Елбасының келер жылдан бастап еңбекақыны 30 пайызға арттыру, жұмыс  нәтижесіне байланысты сыйақы тағайындау бағытындағы тапсырмаларының сәтті жүзеге асуы мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді деген сенім зор. 

«Келер жылдан бастап біз мансаптық жұмыс моделіне көшкелі жатырмыз. Ол дегеніміз – азаматтарды мемлекеттік қызметке ең төменгі лауазымнан қабылдау. Қызметкер ең жоғары лауазымға көтерілу үшін бірнеше сатыдан өтуі керек. Егер бірнеше сатыдан өтіп, жұмыстан кетіп, қайта келсе тағы да ең төменгі сатыдан бастайды.  Яғни, мемлекеттік қызметке келгеннен кейін, тұлғаның өсуі бір жүйенің ішінде болады.  Павлодар облысында 468 мемлекеттік органда 4947 қызметші  жұмыс істейді. Оның  65 пайызын әйелдер құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы - 39. Бұл салада 1000-нан астам жас маман еңбек етуде. Биылғы жылы тестілеуге қатысқан 1225 адамның   635-і шекті деңгейден өтсе, 590-ы шекті деңгейге жете алмаған. Сондай-ақ, 752 адам жеке тұлғаның қабілетіне қарай тестілеуден өткен», — деді М. Өтешев.

Айта кетерлі, биыл өңірде төрт мемлекеттік қызметшіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 274-бабы, 1-тармағына сәйкес іс қозғалып, 424 200 теңге айыппұл тағылған. Қазіргі уақытта оның 106 050 теңгесі өндіріп алынды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика