+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
23.06.2016 в 17:19

Павлодар облыстық бюджетінен кресло-арбалар сатып алуға 32 млн теңге бөлінді

Павлодар облысында бюджеттен кресло-арбалар сатып алуға 32 миллион теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы «Қазақстан-2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» партияның Сайлауалды бағдарламасы бағыты бойынша өткен Павлодар облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы жанындағы комиссиясының отырысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Балтабай Қаппасов мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығының басында облыс әкімі Болат Бақауовтың шешімі бойынша облыстық бюджеттің есебінен 32 миллион теңге мөлшерінде кресло-арбалар сатып алуға қосымша қаражат бөлу жоспарланған. Бұл тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі 467 адамды жылжымалы құралдармен қамтамасыз етіп, оңалтудың жеке бағдарламаларын толықтай орындауға мүмкіндік береді», — деді Балтабай Қаппасов.

Ведомство басшысының айтуынша, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Павлодар облысындағы мүгедектер саны 28149 адамды құрайды. Оның ішінде 3344 адам бірінші топтағылар, 12339 адам екінші топтағылар, 9814 адам үшінші топтағылар және 2652-сі - бала жасынан мүгедектер. Бұл санаттағы жарымжан жандардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында қоғамдық ұйымдармен жұмыс белсенді жүргізілуде.  13 үкіметтік емес ұйым мүгедектер мен қарттарға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету  бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырды. Биылғы жылы мүмкіндігі шектеулі 672  адамға мұндай қызмет үшін республикалық бюджеттен 134 миллион  теңге бөлінген.

Айта кетерлігі, комиссия мүшелері әлеуметтік нысандарға қолжетімділік мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Бұл ретте, көптеген нысандарда, әсіресе демалыс орындарында  мәселе  толық шешімін таппаған.  Мұндай орындардың бірі - Баянауыл ұлттық табиғи паркі. Өз кезегінде комиссияның аймақтық кураторы, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлмира  Нұрханова комиссия мүшелеріне «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша Баянауыл ауданындағы демалыс орындарын тексеріп шығуды тапсырды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика