+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
23.06.2016 в 19:37

Павлодарлық полицейлер ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды

Павлодарда полиция қызметкерлері күнін атап өту дәстүр бойынша ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

«Өзінің қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әріптестеріміздің бүгін ортамызда жоғы өкінішті», — деді Павлодар облысының ІІД басшысы Марат Қожаев. — Олар қауіпті қылмыскерлермен күресуде ерлікпен қаза тапты. Он полицейдің есімдері мәңгілік біздің жадымызда жүреді. Павлодар облысы әлеуметтік даму саласынан республика бойынша алдыңғы қатарлардың бірінде тұр. Сөзсіз мұнда құқық қорғау органдарының еңбегі бар. ІІД ардагерлері мен қызметкерлеріне денсаулық, аспанымыз ашық, жұмыстарыңыз жемісті болсын деп тілеймін. Мереке қарсаңында бүгін облыстық ІІД басшысының атынан 237 полиция қызметкері және ҚР ІІМ атынан 15 қызметкер, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері атынан 27 адам марапатталды. Сонымен қатар, департаменттің 126 қызметкері ақшалай сыйлық алды».

Еске сала кетсек, қаралы тізімде 10 қызметкердің есімі бар. Качир ауданы АІІБ милиция капитаны Ахметқалы Тезекбаев 1997 жылы 1 тамызға қараған түні көз жұмды. Ол аудандық полиция бөлімшесіне жеткізгелі тұрған күдікті аяқастынан полиция қызметкерінің арқасына оқ атқан. Ішкі қызмет капитаны Ермек Қанжығалин 1993 жылдың қыркүйегінде түрмеден қашқан үш сотталғанды ұстау барысында қайтыс болды. 2008 жылдың 26 шілде күні көз жұмған Качир ауданы АІІБ полиция учаскелік инспекторы Фарид Қақабаев демалыс кезінде жаппай төбелес туралы хабарлама алып, бір күдіктінің ізіне түскен. Қылмыскер өрт сөндіру баспалдағына шығып, соңынан ерген тәртіп сақшысының басына бетон тақтаны лақтырып жіберген. Әділет аға лейтенанты Мейрам Дәулетов және әділет лейтенанты Қанат Сармантаев 1996 жылы 3 маусым күні аса қауіпті қылмыскерді ұстау барысында оларды  қылмыскердің өзі атып тастаған. Қылмыстық іздеу тобының қызметкері Асылбек Бижанов 1997 жылы 19 қазанда аса қауіпті қылмыскерді №1 аурухананың  хирургиялық бөліміне алып барған кезде көз жұмған. Палатаға қарулы төрт адам кіріп, полиция қызметкерін атқан. Милиция кіші лейтенанты Ерлан Нұржанов 1997  жылдың 20 мамырында Баянауыл ауданы бойынша кезекшілікке шыққан уақытта түнде кезекші бөлімге сырттан адамдар кіріп, оқ атқаннан мерт болды. Қатардағы милиция қызметкері Ербол Сембаев 1994 жылы 3 ақпанда Екібастұз қаласының ҚІІБ МАИ орталығында «КамАз»-ды мас күйінде тізгіндеген жүргізушіні тоқтатқан. Медициналық сараптамаға бара жатқан кезде жүргізуші полиция қызметкерінің арқасына пышақ салған. 1995 жылы 7 сәуірде ТМД елдерімен сыртқы шекараны күзету кезінде қатардағы әскери қызметкер Қанат Едрішев батылдық көрсетіп қаза тапты. 2015 жылы 21 маусымда қызметтік міндетін орындау кезінде полиция аға лейтенанты, учаскелік инспектордың көмекшісі Харки Арли қайғылы жағдайда көз жұмды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика