+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
01.07.2016 в 15:56

Қытайда жыл студенті атанған павлодарлық түлек: «Қазақстанның көк аспанын көруді аңсап келемін»

Қытай елінің Шанхай педагогикалық университетінде білімін жетілдірген павлодарлық түлек Фарида Төлеубаева жыл студенті атанды. Ол қатарластарынан топ жарып шыққаны үшін шетелдік студенттер факультетінің деканы Хуанг МэйСюдің атынан екі бірдей дипломға ие болған, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

«Мені көрші мемлекет бес мың жылдық тарихымен, құпиясы тым тереңде жатқан жазуының сиқырымен қызықтырды. Ақыры өзім де қытай тілін толықтай меңгеріп шықсам деген шешім қабылдадым. Қытай елінде экологиялық мәселе күн сайын артып келеді. Сондықтан мұнда бетперде киіп жүру үйреншікті әдетке айналған. Қыр асып, білім жолына түскен мен сияқты қазақстандық жастар үшін туған елдің көк аспанын тамашалап, таза ауасымен демалудан асқан бақыт жоқ шығар, сірә. Сондай-ақ, өзіміздің ұлттық тағамдарға тең келетін ас жоқ екеніне көзім жетті. Тіпті, бір жылдың ішінде нағыз еттің дәмін ұмытып қалған тәріздімін. Күнделікті асқа тауық еті және күрішпен ауқаттанамыз. Үйге оралуға үш күн қалды. Минуттарды санап отырмын десем болады. Анамның ыстық бауырсағын қатты сағындым», — дейді  жас қыз.

Бүгінде 20 жастағы студент қытай тіліндегі кітаптар мен журналдарды еркін оқи алатын деңгейге жеткен. Корея, Жапония, Колумбия, Канада, Моңғолия, Ресей, Германия, Словакия және Италия елдерінен келген жастармен достасып кеткен Фарида соңғы кездері корей тілін үйренуге ден қойған.

«16 жасқа толғанда анам маған сыйлық жасады. Циндао қаласындағы бір айлық қытай тілі курсына жіберді. Енді әлемнің түкпір-түкпірінде араласатын достарым бар. Елбасының тілдің үш тұғырлығы саясатына мен де өз үлесімді қосуға тырысамын. Бар арманым - болашақта еліміздің қарыштап дамуына атсалысу. Менің шетелде білім алуыма қолдау көрсеткен анам мен Әл-Фараби атындағы қазақ-ұлттық университеті қытай кафедрасының ұстаздарына алғысым зор», — дейді ол.

Айта кетерлігі, 2013 жылғы «Жас дарын» мектебінің «Алтын белгі» иегері  атанған Фарида Төлеубаева Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің шығыстану факультетінің 3-курс студенті.  Қытай елінде академиялық мобильділік бойынша білім алып жатқан ол ана тілінен басқа, орыс тілі мен ағылшын, қытай тілдерін еркін меңгерген.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика