+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
01.07.2016 в 19:00

Екібастұзда теміржол білігі мен дөңгелек жұбын шығаратын зауыт іске қосылды

Бүгін Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы теміржол білігі мен дөңгелек жұбын шығаратын еліміздегі теңдесі жоқ бірегей зауытты іске қосты, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

«Тәуелсіздік жылдары біздің кәсіпорындар зор жетістікке қол жеткізді. Біз автомобиль локомативтерінен бастап киім-кешек, дәрі-дәрмекке дейін отандық өнімдерді ауқымды көлемде шығара бастадық. Қазақстанның темір жол интустриясы қарыштап дамуда. Еліміз Шығыстан Батысқа тасымалдау хабына айналуда. Сондықтан аталмыш зауыт өндіріс саласында маңызды рөл атқарады», — деді Елбасы.

Жоспар бойынша зауыт екі кезекпен тəулік бойы жұмыс істейді. Əр кезекте 50 адам еңбек ететін болады. Біліктің ұзындығы - 2 метр 216 см, доңғалақтың диаметірі - 957 мм, бір доңғалақтың салмағы - 400 келі, жалпы дайын өнімнің салмағы 1,5 тоннаны құрайды. Зауыттың өнімі жүк вагондарына арналған. Жобаның құны - 12 миллиард теңге. Өнімнің 80 пайызы ішкі нарықта пайдаланылса, 20 пайызы ТМД елдеріне экспортталатын болады.

«Біз бұл сəтті көп күттік. Төрт жылдың ішінде зауыт бой көтеріп, құрал-жабдық алып, мамандарды жинадық. Біздің өнім ТМД елдеріндегі ешбір зауыттарда қолданылмайтын соңғы үлгідегі заманауи технологияларда жасалады. Барлық жұмыс автоматты түрде жүргізіледі. Тіпті, өнімдегі ақауларды арнайы бағдарлама анықтап, өндірістен шығара алады. Жылына 20 мың доңғалақ жұбы мен 42 мың теміржол білігін өндірмекпіз. Бұрын аталмыш өнім Ресей мен Украинадан əкелінген болатын. Енді өзімізден алуға мүмкіндік туды. Біздің тауармен танысуға Əзірбайжан, Молдавия, Иран, Өзбекістан жəне Тəжікстан елдерінің өкілдері келіп кетті», — деді ЖШС директоры Александр Слободов. Еске сала кетейік, «R.W.S. Wheelset» ЖШС зауыттың құрылысын 2012 жылы бастаған.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір барысында республика бойынша 11 нысан іске қосылды. оның ішінде Екібастұздағы раушан гүлдерін өсіретін жылыжай да бар.

«GreenhouseKZ» жылыжайында голландтық раушандар топырақта емес, минералды мақтада тамшылатып суару әдісімен өсіріледі. Аумағы 5 гектар кешен қажетті жарықты Екібастұз МАЭС-1 стансасынан алады. Алдағы уақытта раушан гүлдер Ресейдің қалаларына экспортталатын болады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика