четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
0oC
1xadv
×

Владимир Божко павлодарлықтарға тілдерді қалай үйрену керектігін айтты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Божко бүгінгі білім беру жүйесінде шет тілдерін үйретуде қолданылатын әдістің нәтижесінде балалар мектепте алған ақпараттың 70 пайызын ұмытып қалады деген пікірде, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы халық қалаулысы «Достық» үйінде этномәдени бірлестіктермен өткізген кездесу барысында мәлім етті.

«Біздің барлығымызды Қазақстандағы «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру мәселесі толғандырады, — деді Владимир Божко. — Жуырда білім беру министрінің баяндамасын тыңдадық. Бүгін профессор Ерлан Сағадиевтің дәрісін алып келдім. Хатшыға бұл қағаздың көшірмесін өткізіп, бірнеше данасын таратып беруді өтінемін. Ол көптеген қызықты жайттар туралы сөз қозғады. Мәселен, тілді үйрену барысында Парето қағидасына сүйенген жөн. Ғалымдар адам баласы өзге тілде ақпараттың 60 пайызын жеткізу үшін 400-ден астам сөз қолданатынын анықтаған. Ауылдан келген жігіттің тұрмыстық деңгейде тілді үйренуі үшін 400-дей сөзді білсе жеткілікті. Сонда ол ақпараттың жартысын меңгеретін болады. Шет тіліндегі ақпараттың 82 пайызын меңгеру үшін мың сөзді білсе болғаны. Осы жерде неліктен біз 25 жылдың ішінде мың сөзді үйрене алмадық деген сұрақ туындайды. Себебі бізге үтірді қалай қою керектігін, грамматиканы үйретті. Ал, егер де оқыған материалды алғашқы екі сағатта қайталамаса, мектеп оқушысы ақпараттың 50 пайызын төрт сағаттың ішінде, төрт күннің ішінде материалдың тағы да 20 пайызын ұмытып қалады. Бұдан келе айтайын дегенім,  тілді үйрету жүйесі қазірде тиімді болмай тұр. Бүкіл әлемде қайталауды дағдыға айналдыру қажет екені дәлелденген».  

Депутаттың пікірінше, қазіргі таңда тілді меңгеру әдісін түбегейлі өзгертетін білім беру бағдарламасы әзірленуде. Ал, білім беру реформаларының басқа салаларда тиімді енгізілуін парламент бақылауға алатын болады.

«Бұл - басты мақсаттардың бірі. Менің Павлодарға сапармен келуіме этомәдени бірлестіктердің жетекшілері сайлауалды науқанда Парламентте болып жатқан жағдайдан хабардар болуды өтінгені себеп болды. Менің жұмыс атқарғаныма үш ай толды. Бұл - менің алғашқы есебім. Елбасының біздің алдымызға қойған басты міндеті - заң сапасының деңгейін арттыру, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылауды күшейту. Әсіресе, бұл «Бес институционалдық реформа» аясында жүзеге асырылатын бағдарламаларға қатысты. Бұл - 59 заң. Оның кейбіреуі енгізілсе, енді бірін жүзеге асыру қажет. Сапарымның екінші себебі - менің Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының төрағасы болуым. Біздің ұйым - еліміздегі қалыптасқан үлкен этномәдени бірлестіктер алаңының бір бөлшегі. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен байланысты қызметті белсендіру қажет», — деді Владимир Божко.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0