+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
07.07.2016 в 17:37

Болат Бақауов Бразилияда өтетін Олимпиаданың қатысушыларымен кездесті

Рио-де-Жайнейрода өтетін ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын павлодарлық спортшылар бір жұмадан  кейін соңғы дайындыққа кетеді, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Болат Бақауов Бразилияда өтетін Олимпиаданың қатысушыларымен кездесті.

«Сіздердің әлемдік додаға қатысуларыңыз облыстың әр тұрғыны үшін үлкен мақтаныш. Халықаралық аренада Қазақстанның туын желбіретіп, абыройын түсірмейтіндеріңізге сенемін. Олимпиада ойындарына қатысу  - үлкен жетістік және жоғары мәртебе. Сіздерді тек қана алдыңғы қатарда көруге тілектеспін», — деді облыс әкімі.

Бұдан басқа, Болат Бақауов демеушілердің атынан спортшыларға ақшалай сертификаттар табыс етті.

«Бір жұмадан соң біз Партугалияда өтетін соңғы дайындыққа кетеміз. Ал Олимпиаданың басталуына бір апта қалғанда Рио-де-Жанейрода болуымыз керек. Менің негізгі қарсыласатырым АҚШ, Ямайка, Багам аралдары мен Еуропадан болмақ. Десе де,  олардың  барлығы мықты спортшылар. Негізі, жолақтағы басты қарсылас адам  өзің боласын. Сондықтан ең алдымен  бойындағы қорқынышты жеңе білуің керек. Алдағы ойындарға жақсы көңіл күймен бара жатырмыз. Барлығы ойдағыдай өтеді деген сенімдемін», — деді Ольга Сафронова.

Естеріңізге сала кетсек, Рио-де-Жайнейрода өтетін ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарына Павлодар облысынан төрт спортшы жолдама алған. Олардың ішінде Дәулет Шабанбай  ҚР еркін күрестен халықаралық деңгейдегі спорт щебері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Лондонда өткен ХХХ Олимпиада ойындарының бесінші орын иегері, 2014 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Роман Валиев  ҚР жеңіл атлетикадан  халықаралық деңгейдегі спорт щебері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, қатарынан үш рет секіріп түсуден 14 рет Қазақстан чемпионы атағының иегері, Азия ойындарының бірнеше мәрте жеңімпазы, соңғы үш Олимпиада ойындарының қатысушысы. Ольга Сафронова -  ҚР жеңіл атлетикадан  халықаралық деңгейдегі спорт щебері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Және Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы тұрған Мамед Ибрагимов  ҚР еркін күрестен спорт щебері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, 2014 жылы Қазақстан Республикасының чемпионы атағының иегері.

Еске сала кетейік, Қазақстан жазғы Олимпиада ойындарына алғаш рет 1996 жылы қатысты. Атлантада (АҚШ) өткен додада еліміздің намысын 96 спортшы қорғады. 14 спорт түрінен жарыс жолына шығып, 3 алтын 4 күміс 4 қола жүлде (жалпыкомандалық есепте 24-ші) еншілеп қайтты. Араға 4 жыл сала Сиднейде өткен Олимпиадада ұлттық құраманың құрамы арта түсті. 130 спортшы 17 спорт түрінен бақ сынап қайтты. Бірақ, қорытынды нәтиже Атлантадағыдан төмендеу болды. Отандастарымыз 3 алтын 4 күміс (жалпыкомандалық есепте 22-ші) еншіледі. 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада Қазақстан құрамасы үшін сәтті бола қоймады. 17 спорт түрінен сынға түсуге барған 119 спортшы 1 алтын 4 күміс 3 қола медаль (жалпыкомандалық есепте 40-шы) иеленді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика