+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
25.07.2016 в 09:09

Медицинаға мамандар керек

Медицина саласында мамандар тапшы. Соның салдарынан емдеу орындарының жұмысы ақсап, кейбір құрылғылар пайдаланылмай отыр. Мәселен, облыстық аурухананың жан сақтау  бөлімі 50 пайызға ғана реаниматолог маманмен қамтылған. 18 дәрігердің орнына, 9 маман қызмет етіп отыр. Бұл туралы аталмыш емдеу мекемесінің бас дәрігері Сайын Шомыровтан білдік.

Атырау облыстық аурухананың басшысы өлім көрсеткішінің бір пайызға төмендегенін де айтты. Белгілі болғанындай, инсульт дертін емдеу, оны болдырмау мақсатында облыстық бюджеттен 340 миллион теңге қаражат бөлініпті. Жуырда ми, қан-тамырлары ауруларының алдын алатын ангиграфиялық қондырғы алынады. Бұл медициналық аппарат қатерлі дертке душар болғандарды емдеуге жәрдемін тигізеді.

«Оңалту жұмыстарына да көп көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына 220 миллион теңгеге реабилитациялық аппарат алуға ұсыныс жасалды. Мәселе шешілсе, мүгедектердің санын азайтуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, жоғары оқу орнын бітіргелі отырған 6 түлекті жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарт жасалды», ― дейді Сайын Сиғуатұлы.  Бұл орайда, кадр мәселесінде әр емдеу-сауықтыру мекемелері жеке-жеке жұмыс жасамай, облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы бірігіп шешімін табуы қажет секілді.

Медицина саласының негізгі міндеті ― ана мен бала денсаулығын қорғау, өлім деңгейін төмендету болып табылады. Облыстық перинатальды орталығының бас дәрігері Ұлжан Хасанованың айтуынша, бұл бағытта бірқатар шаралар жүзеге асуда.  Дегенмен, кадр тапшы. Мекеме мамандарын аудандарға кезекпен жіберіп отыруға мәжбүр.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен еліміздің түкпір-түкпірінен  мамандар шақырған едік. Баспана мәселесі шешілген жағдайда, олар жұмыс жасауға дайын. Резидентура бітірген дәрігерлерге пәтерді өз күшімізбен жалға алып беруді жоспарлап отырмыз. Оқуын жаңа аяқтаған түлектерді бірден жұмысқа ала алмаймыз. Оларды алдымен, үш жыл резидентурададан өткізу керек. Осы бағытта екі маманды екі жыл резидентурада оқытудамыз», ― дейді Ұлжан Ахметқызы.

Айтуынша, мекемеде сәбилерді емдейтін неонатолог дәрігер де жетіспейді. Бұл педиатриялық факультеттің жабылуынан болып отырған соңғы екі жылда байқалған жағдай. «Өткен жылы облыста үш ана өлімі орын алды. Биыл мұндай жағдай тіркелген жоқ» деген ол шалғай елді мекендерге түн мезгілінде санавиациялық тікұшақтардың бармайтынын мәселе етіп көтерді. «Рұқсат жоқ» немесе «уақыты келемейді», «кешқұрым ұша алмаймыз» деген жауаптар аламыз. Соның салдарынан уақытты да жоғалтамыз» дейді ол.

Белгілі болғанындай, бала өлімінің орын алуына көп жағдайда аналардың сауатсыздығы да себеп. «Мәселен, 500-700 грамм болып туылған балаларды өсіріп, аналарға беріп жібергеннен кейін әйелдердің дені әрі қарай жасалынатын емдік-шараларды жалғастырмайды. Өз денсаулығына көңіл бөлмейді. Жүкті болғаннан кейін емдеу шаралары жүргізілмейді. Міне, ауру, әлжуаз бала қайдан шығады?» деп ренішін айтқан облыстың бас акушер-гинекологы Ұлжан Хасанова колледж, жоғары оқу орындарында жүктілікті алдын ала жоспарлау туралы семинарлар өткізуді ұсынады.

Жүрек-қан тамыр аурулары көбейіп барады. Облыстық кардиохирургиялық орталық ғимараты құрылысының аяқталмауы себебінен,  кереуеттер жетіспейді. Мекеме өткен ғасырдың 1950-ші жылдары салынған, әбден ескірген, ондағы палаталар жаңа стандарттарға сай келмейді екен. Бұл туралы облыстық кардиохирургия орталығының бас дәрігері Марат Қонысов мәлімдеді. Білгеніміздей, кардиолог мамандар жоғары мамандандырылған көмек түрлерін игергендіктен, пациенттердің тексерілу және ота жасату үшін басқа қалаларға шығу қажеттілігі жойылған.  Сол секілді, облыста тұмау ауруының көрсеткіші жоғары. Сонымен бірге, адамдар арасындағы бруцеллез дерті де белең алып барады. Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ Зинуллиннің айтуынша, бұл ауру түріне шалдыққандар, әсіресе, Индер және Қызылқоға аудандарында  көп.

«Ең алдымен, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту бағытында қызмет жасайтын қоғамдық ұйымдармен біріккен жұмыстар атқарылуы керек. Дәрігерлер арасында адами фактор жойылмай келеді. Жұмыс орнында уақытында болмайтын фактілер кездеседі. Егде жастағы жандарды ауруханаға қабылдамайтын жағдайлар да бар. Біз осы мәселелерді де реттеп алуға тиіспіз», ― дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева.

Халықтың денсаулығы – елдің басты байлығы. Дәрігерлердің біліктілігін көтергенмен, халық саулығы жақсарып кетпейді. Өйткені, әр адам өзінің денсаулығына жауапты.  Аурудың алдын алу, жүйелі түрде денсаулығын тексертіп тұру, салауатты өмір сүру әр азаматтың күнделікті режиміне айналуы тиіс.

                                                                                                                                                                                  Алина ЗИНЕЛ,

Атырау


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика