+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
02.08.2016 в 19:00

Биыл павлодарлық өнеркәсіп кәсіпорындары 624,7 млрд теңгеге өнім өндірген

2016 жылғы қаңтар-маусым айларында павлодарлық өнеркәсіп кәсіпорындары 624,7 млрд теңгеге өнім өндірген, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Дана Сұлтанова мәлім етті.

«Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 100,2% құрады. Облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің үлесі жалпы республикалық көлемінен 7,3%-ды құрады. Осы жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 38,8 млрд. теңгені құрады.  Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,9%-ға кем. Ағымдағы жылғы 1 жарты жылдықта негізгі капиталға салынған инвестициялар 176 млрд. теңгені немесе 2015 жылғы 1 жарты жылдыққа қарағанда 98%-ды құрады. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыстың үлесі 5,8%-ды құрады», — деді Дана Сұлтанова.

Басқарма басшысының айтуынша, 2016 жылғы қаңтар-маусымда қорытындылары бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 39,4 млрд. теңгені немесе 2015 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 58,9%-ды құраған. Осы жылғы қаңтар-маусымдағы облыс көлігімен (темір жол және әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 58,7 млн. тоннаны құрады. Бұл 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы қарағанда 1,9%-ға артық көрсеткіш.   Байланыс қызметі 6,5 млрд. теңге сомасында көрсетілді. 2016 жылғы 1 шілдеге жағдай бойынша Павлодар облысының статистикалық бизнес тіркелімінде 13257 заңды тұлға тіркелді. Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымдағы тұтыну бағасының индексі 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,3%-ға, азық-түлік емес тауарлары 4,5%-ға, ал ақылы қызметтер 4%-ға өсті.

Айта кетерлігі, осы жылғы қаңтар-маусымдағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 117349 теңгені (республика бойынша орташа 137909 теңге), оның өсуі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 98,9% болды.

2016 жылғы 1 мамырға Павлодар облысы халқының есепті саны 759223 адамды құрады. Қала халқы – 535481 адам (70,5%), ал ауыл халқы 223742 адам (29,5%).  Осы жылғы қаңтар-сәуірде  Азаматтық хал-актілерін тіркеу органдары 1373 неке қию туралы және 882 некені бұзу туралы акт жазбасын ұсынды. Некелесу саны 16,2%-ға, ал ажырасу – 9,5%-ға азайды. 1000 тіркелген некеге 642 ажырасудан келеді. Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуір аралығында облыстан 2366 адам көшіп кетті. Олардан республика шегіне 1078 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 89,5% (965 адам), әлемнің басқа елдеріне 10,5% (113 адам) қоныс аударған.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика