+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
03.08.2016 в 12:22

Ең арзан бірінші сұрыпты ұн мен күнбағыс майы Павлодар облысында сатылады

Ең арзан бірінші сұрыпты ұн, сары және күнбағыс майы  Павлодар облысында сатылады, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Ардақ Досанов мәліметті.

«Статистика департаментінің ақпаратына сәйкес облыста әлеуметтік азық-түліктің көбі республикалық деңгейдегі бағалардан төмен сатылады. Мәселен, Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар 33 өнімнің 29-ы республикалық деңгейден төмен бағамен ұсынылады. Тауардың 85 пайызы жергілікті өндірушілерден алынады. Өңірде жыл басынан бері үй құсының етін өндіру 1,5 рет, жарма 89 пайызға, сүт 14 пайызға, сары май 15,6 пайызға, ірімшік өнімдері 45,4 пайызға, ұн 3,2 пайызға және нан өндіру 6,3 пайызға өсті», — деді Ардақ Досанов.

Басқарма басшысының айтуынша, өңір тұрғындары жылына 105 миллион жұмыртқа тұтынады. Жем мен ветеринарлық дәрілердің қымбаттауына байланысты маусымның соңында облыста жұмыртқаның бағасы 26 пайызға өскен. Жарты жылдың ішінде облыста 60,9 миллион жұмыртқа өндірілген. Өнімнің азаюы Шарбақты ауданындағы құс фабрикасында және Ертіс пен Железин ауданында орын алған. Қазіргі уақытта, «Шарбақтықұс» ЖШС-де жемге байанысты мәселе шешімін тауып, алдағы уақытта фабрика тағы да қосымша балапан алмақ. Бұдан басқа, қыркүйекте «Павлодар құс» ЖШС 80 мың балапан сатыпалып, алғашқы өнімді осы жылдың соңында шығаруды жоспарлап қойған.

Облыс әкімі Болат Бақауов жұмыртқаның бағасының өсуі арзандатылған жемнің берілмеуіне байланысты екенін атап өтті.

«Жыл басынан бері 80 миллион теңге көмек қаржы игерілмей тұр. Екі айдың ішінде арзандатылған жем ауылшаруашылық тауар өндіруілеріне берілетін болсын», — деген талап қойды аймақ басшысы.

Айта кетерлігі, аймақта жыл басынан бері ет пен ет өнімдерінің бағасы бірқалыпта болса, сәбіз, картоп және қызылшаның бағасы біршама төмендеген.

Еске сала кетейік, былтыр Качир ауданында күнбағыс майын шығаратын «Green hause Павлодар» зауыты іске қосылған.  Кәсіпорын өңірдегі күнбағыс майына деген сұраныстың 50 пайызын өтейді. Мұндай май бұған дейін Өскемен, Қарағанды, Қостанай және Шымкент қалаларында шығарылған.  Шымкентте күнбағыс майына мақта өсімдігін қосылса, павлодарлық өнім ешбір қоспасыз  шығарылады. Тәулігіне бес тоннаға дейін шикізат өңделеді. Жаңа астық дайын болған кезде Шарбақты, Ертіс, Железин, Успен және Качир аудандарының тұқым өндірушілерімен келісімшарт жасалады. Бұдан кейін зауыттың қуаттылығы толық іске қосылады. Мұнда күніне 20 тонна күнбағыс өңделіп, сегіз тоннаға жуық өнім алынады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика