+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
31.07.2016 в 11:35

ОҚО-да 3 мыңдай адам тыйым салынған діни ағымдардың жетегінде жүр

Оңтүстік Қазақстан облысында тыйым салынған діни ағымдардың қатарына үш мыңға жуық адам кіріп кеткен, деп хабарлайды NewTimes.kz. Бұл туралы өңірдің наиб-имамы Амантай Садиев Шымкентте өткен имам-молдалардың кездесуінде жасаған баяндамасында айтты.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі өткізген басқосу барысында экстремизм мен терроризмді алдын алу, ұлттық дәстүр мен құндылықтарды насихаттау, алда келе жатқан қажылық парызын өтеу үшін Меккеге сапарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Амантай Садиевтің айтуынша, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында тыйым салынған діни ағымдарды ұстанатын үш мыңдай адам өмір сүріп келеді. Ал, жалпы өңір бойынша мұндай тыйым салынған ағымдардың саны жетеуді құрайды екен.

«Дәстүрлі емес діни ағымдағы адамдарды сақал қою үлгісінен, киім кию үлгісінен ажырату қиын емес. Ал, олардың басты ерекшеліктерінің бірі – олардан Алла қайда деп сұрасаң «аспанда» деп жауап береді», — дейді Амантай Садиев.

Наиб-имамның айтуынша, облыстағы діни ахуал қазіргі таңда тұрақты деңгейде. Ал, еліміздің солтүстігі, батысы және шығысында діни экстремизмнің қаупі басымырақ дейді ол. Өйткені, аталған өңірлерде халықтың «иммунитеті» төмендеу екен. Яғни, діни сауаты аз болғандықтан, тұрғындар теріс діни ағымдардың уағыздарына жиі сеніп қалатын көрінеді. «Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарында бұл иммунитет жоғары» — дейді А.Садиев.

Жалпы, Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтары ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы маңызы ерекше.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика