четверг, 18 апреля 2024 г.
icon
448.89
icon
477.93
icon
4.76
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
19oC
1xadv
×

Амандық Баталов Олимпиаданың қола жүлдегерін құттықтады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қазақстандық спортшы Карина Горичеваны  Олимпиада ойындарында қола алуымен құттықтады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

9 nамызда Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында зілтемірші қыздар арасындағы сайыста қазақстандық Карина Горичева қола медальге қол жеткізген болатын.

63 келідегі әйелдер арасындағы сайыста қазақстандық Карина Горичева қола медальге ие болып, еншімізге төртінші медальді салды. Жалпы, қытай мен кәріс спортшылары арасындағы бәсекеде үш бірдей Олимпиада рекорды жаңарып, бір мәрте әлем рекорды қайта өзгерді.

Осы орайда Каринаны жеңісімен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, арнайы жеделхат жолдады.

«Барша қазақстандықтармен бірге жетісулықтар да сіздің шаршы алаңға шыққан сәттеріңізді қалт жібермей, қадағалап отырды. Біздің үмітіміз ақталды, қазақстандық ауыр атлеттердің әлемнің ең үздік спортшылары қатарында екенін дәлелдеп, жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, еліміздің абыройын асқақтаттыңыз. Бұл жеңіс – күн сайынғы жаттығуда төгілген тердің, жаттықтырушылардың табанды еңбегінің өтеуі, жалынды жігер мен қайсар мінездің, жанкүйерлердің қызу қолдауының нәтижесі. Бұл жеңіс сіздің спорттық сапарыңыздағы толайым табыстардың басы ғана деп білеміз», — делінген жетелхатта.

Облыс басшысы А. Баталов Карина Горичеваға және ауыр атлеттер командасына Олимпиададағы жеңісті жолдың жалғаса беруіне тілектестігін білдірді.

Карина Горичева 1993 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. 63 келі салмақта өнер көрсетеді. Ауыр атлетиканы 15 жасынан бері жанына серік еткен. Ерекше дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының түлегі. Ол жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері. ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0