+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
09.08.2016 в 10:46

Ұлтымыздың салт-дәстүріне қарсы шығатын діни ағымдардың бәріне заңмен тыйым салу керек

Осыдан тура бес жыл бұрын еліміздің бірнеше қаласында бірінен соң бірі орын алған лаңкестік оқиғаларды халық енді ұмыта бастаған сәтте радикалды діни ағым өкілдері Ақтөбе мен Алматыда кеше тағы да теракт жасады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Заң органдары сол 5 жыл бұрынғы оқиғалардың дінге еш қатысы жоқ екенін ишаралаған болатын. Алайда, ауруын жасырған өледі деп атам қазақ бекер айтпаған. Яғни, салафизм мен уахабизмнің елімізде еркін насихатталуы салдарынан дін атын жамылған лаңкестер қайта бой көрсетіп отыр.

Бұл оқиғаларға қатысты дін мамандары, саясаттанушылар, құзырлы орган өкілдері өз пікірлерін білдіріп жатыр. Дегенмен, барлығымыздың көкейімізде «не істеу керек?» деген сұрақ туындады. Ал, бұл сұрақтың жауабын табу мақсатында белгілі дінтанушы, философия ғылымының кандидаты Жалғас Сәдуахасұлының пікірін тыңдаған едік. Оның айтуынша, ұлтымыздың салт-дәстүріне қарсы шыққандардан бастап өзге теріс ағым өкілдерінің бәріне заң аясында тыйым салу керек.

«Бүгінде бұл сұрақ қоғамның түрлі деңгейінде, дін мамандары мен ғалымдарының арасында, әсіресе, интернетте қызу талқыға түсіп жатыр. Қоғамдағы діни тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуіміз үшін әуелі, тарихи және мәдени қалыптасқан халықтың діни сеніміне, салт-дәстүріне, рухани құндылықтарына, тарихи мұрасына қарсы немесе оны жоққа шығаратын кез келген діни идеологияға сот шешімімен тыйым салуымыз керек деп ойлаймын. Мұндай шешім тек бір ғана радикалды ағымды емес, барлық адасқан идеологияларды қамтуы тиіс. Мысалы, имамдарымыз осындай арнайы сот шешімі болмағандықтан уаһабизм идеологиясына қарсы толыққанды жұмыс жасай алмай отыр. Себебі, сот шешімімен тыйым салынбаған діни ұстаныммен қалай күрес жүргізеді? Егер осындай ағымның ықпалына түскен біреу келіп: «Имам менің діни ұстанымыма қарсы уағыз айтып жатыр. Діни сенім бостандығы заңын бұзды», – деп имамның үстінен шағым айтса, онда заң алдында имам жауапқа тартылады. Сондықтан біз әуелі теріс идеологияға қарсы сот шешімін шығарып, имамдарды құқықтық жағынан қорғап қойғанымыз жөн. Сосын барып, олардан радикалды ағымдарға қарсы жұмыс жасауды талап етейк. Әйтпесе, теріс ағым өкілдерінің арасында да білікті заңгерлер, құқықтанушылар жетерлік.

«Аяз би, әліңді біл» демекші, әлі сот шешімімен тыйым салынбаған діни ұйымға немесе идеологияға қарсы ашық күрес жүргізу қиынға соқпақ», — дейді Ж.Сәдуахасұлы.

Айта кетейік, Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін елімізде жаппай тексеру және алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Мүфтият өкілдерінің айтуынша, діни тұрақтылық сақталған облыстардың көшін Оңтүстік Қазақстан облысы бастап тұр екен.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика