+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
04.08.2016 в 14:15

Уаһабизм идеологтарының кітаптарына тыйым сала алмаймын – дінтанушы

Белгілі дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Сәдуахасұлының айтуынша, елімізде салафилік-уаһабилік ағымға тыйым салынбағандықтан, уаһаби идеологтардың уағыз кітаптары, ауди-видео уағыздары еркін айналымда жүр, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Салафилік ағым туралы бекер айтып отырғанымыз жоқ. Кешегі Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оның артында салафилердің тұрғанын айтқан еді. Кейін, араға бірнеше күн салып Алматыда қайталанған теракттан кейін ҚР ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов лаңкестің салафилік ағым өкілдерімен тығыз байланыста болғанын мәлімдеді. Мұнан кейін, елдегі сарапшылар, қоғам белсенділері аталған діни ағымға тыйым салу керек деген бастама көтергенімен, Парламент әліге дейін үнсіз.

«Арнайы сот шешімі шығарылмайынша сарапшылар уаһабизм идеологиясын насихаттайтын әдебиеттердің барлығына бірдей тыйым сала алмайды. Себебі, уаһабизм идеологтарының (Ибн Таймия, Абдул Уаххаб, Аль-Албани, аль-Фаузан, аль-Усаймин, Ибн Баз, ас-Саади, әл-Мадхалии, ибн Джаузи және т.б. көптеген қазіргі заман шейхтерінің) жазған шығармаларының басым бөлігі мазһабтарды жоққа шығару, Матуриди ақидасына қарсы идеологияболғанымен,олардың кейбір шығармалары жалпы ислам туралы болуы да әбден мүмкін. Яғни, ислам әмбебап дін болғандықтан, олардың еңбектерінің арасында араб тілі грамматикасы, ислам тарихы, пайғамбардың өмірбаяны, хадистер жинағы сияқты жалпы исламтануға қатысты қосымша әдебиеттер де бар. Мысалы, Ибн Джаузидің «Әд-Даау уад-Дауа» (Дерт пен ем) немесе «Әл-Кабаир» (Үлкен күнәлар) шығармаларында мемлекеттік құрылымға қарсы шығу немесе мазхабтарды жоққа шығару сияқты мәселелер көтерілмейді, бірақ автор уаһабизм идеологтарының қатарындағы танымал ғалым.

Ал, енді сарапшы бұл кітапқа қандай пікір береді? Кітаптың мазмұнында адамның әлеуметтік, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тiлдік қатыстылығына немесе дiнге қатынасына байланысты оның құқығын, бостандығы мен заңдық мүдделерін бұзуға шақыратын белгілер жоқ. Егер ол оң қорытынды берсе, кітап Қазақстан Республикасының аумағында еркін тарап, мемлекет уаһабизм идеологиясына рұқсат берген болып саналады. Өйткені, кітаптың мазмұны ҚР Конституциясына қарсы келмесе де оның авторы уаһабизм идеологы. Ал енді сарапшы кітапқа теріс қорытынды берейін десе, заңға сүйенуі тиіс. Белгілі заңның атауын, бабын, оның тармақшасын көрсетуі керек. Сондықтан сарапшы уаһабизм идеологтарының кейбір кітаптарына оң қорытынды беруге мәжбүр болады. Өйткені, мазмұны жағынан ҚР Конституциясына және басқа да заңнамаларына қайшы келмейтін кітапқа сарапшының теріс қорытынды беруге құқы жоқ. Ол «бұл кітаптың авторы уаһабизм идеологы» деген негізде теріс қорытынды шығара алмайды. Мұндай қорытындыны заңды орындар, сот жүйесі қабылдамайды. Ойлап қарасаңыз жоғарыда айтқанымыздай сарапшыларымыз арнайы сот шешімінің жоқтығынан уаһабизм идеологтарының әдебиеттері мен аудио-видео өнімдеріне толықтай тыйым салуға қауқарсыз. Жат ағымның әдебиетіне заңмен тосқауыл болмағандықтан имамдардың жай ғана үгіт-насихаты не болмақ?» дейді дінтанушы.

Айта кетейік, Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін елімізде жаппай тексеру және алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Мүфтият өкілдерінің айтуынша, діни тұрақтылық сақталған облыстардың көшін Оңтүстік Қазақстан облысы бастап тұр екен.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика