+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
25.07.2016 в 12:06

Салафизмге тыйым салу мәселесін сарапшылар зерттеп жатыр – А.Әбдірәсілқызы

Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін елімізде салафизм ағымына тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Ведомствоаралық топ құрылып, қазіргі таңда бұл тақырыпты зерттеуде дейді ҚР МСМ Дін істері комитеті Ғылыми-зерттеу және сараптамалық орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы. Ол құрамына кірген ақпараттық түсіндіру тобы еліміздің батыс өңірінде болып, жергілікті тұрғындармен кездескен болатын.

Аталған топ мұғалімдер мен студенттер, медицина мен құқық қорғау саласының мамандары және түрмеде жазаны өтеп жатқандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. А.Әбдірәсілқызының пікірінше, Қазақстан экстремизм мәселесіне қырын қарамауы керек. Әсіресе, салафиттік ағымдар қауіпті дейді ол.

«Ең маңыздысы – салафилікке заң жолымен тыйым салу мәселесі болса, оған қатысты Елбасы тапсырмасына сәйкес қазір Ведомоствоаралық топ құрылып, осы мәселені жан-жақты зерттеп-зерделеуде.  Тиісті шешім қабылданар алдында ол халықтың да, халық қалаулыларының да талқысына салынады» дейді ол.

Маманның айтуынша, ақпараттық түсіндіру топтары еліміздің барлық өңірінде құрылуы тиіс.

«Аудандық, ауылдық деңгейде де Ақпараттық-түсіндіру топтарын құру ерекше маңызды болмақ. Оған бұған дейін де айтып, атқарып жүргеніміздей, ел ішіндегі есті сөз айтатын ақсақал-қарасақалдарды, беделді тұлғалар мен белсенді жастарды, қалам ұстаған қайраткерлерді көбірек тарту қажет. Басты мақсат – қоғамды қараусыз қалдырмау. Қоғам тәрбиесін қоғам мүшелерінің өз қолына берген жөн. «Әй» дейтін әже, «қой!» дейтін қожа бар екенін әрбір адам сезінуі тиіс» — дейді А.Әбдірәсілқызы.

Айта кетейік, аталған жұмыс тобы арнайы сапармен Оңтүстік Қазақстан облысына да келеді. Негізінен педагогтар қауымымен кездесіп, мектептегі «Дінтану» пәні мен бала тәрбиесі тақырыбында әңгіме өрбімек.

Жалпы, жергілікті имам-молдалардың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал тұрақты. Облыс аумағында барлығы 3 мыңдай адам дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүрген көрінеді. Оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мешіт молдаларымен бірге әкімдік жанындағы дін істері басқармалары түрлі іс-шаралар өткізіп отырады. Әсіресе жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, кездесулер және семинарлар өткізу жұмыстары жолға қойылған.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика