+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
28.07.2016 в 14:03

Салафизмге тыйым салу басталып кетті, енді соңына жеткізу керек – А.Әбдірәсілқызы

Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалар орын алғаннан кейін салафизм ағымына тыйым салу керек деп мәселе көтерген мамандардың бірі – ҚР МСМ Дін істері комитеті Ғылыми-зерттеу және сараптамалық орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы болатын, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Оның айтуынша, Ресей мен Орта Азия елдері исламның осынау ағымына тыйым салған. Өйткені, зардабын айтарлықтай тартыпты.

Маманның пікірінше, Қазақстан лаңкестік оқиғаларға жол бермеймін десе ең алдымен осы дәстүрлі емес діни ағымдарға тоқтау салуы керек.

«Дәстүрлі емес діни ағымдардан бізден бұрынырақ және ауырырақ зардап шеккен Тәжікстан, Дағыстан, Өзбекстанда салафиліктің атын атап, түсін түстеп, кейбірі тіпті уаххабилікке қосақтап тұрып, тыйым салатын заңнамалық құжаттар қабылданған. Айта кету керек, Ресейде бой көрсетпесе де, террористік ұйым ретінде тыйым салынған «Аль-Каида в странах исламского Магриба» ұйымының алғашқы атауы «Салафистская группа проповеди и джихада» болатын. Сондай-ақ өз аумағындағы ешбір тіркелген діни бірлестікке немесе ұйымға қатысты болмаса да ресейліктер «Нұршылар халықаралық ұйымына» және «нұршылық идеологияны насихаттайды» деген дәйекпен түрік лицейлерінің қызметіне тыйым салды. Мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірсе, тұтас идеология тұрмақ, жекелеген идеяларға, атаулар мен нышан-рәміздерге де тыйым салу шараларын көптеген мемлекеттер қолдайды. Алысқа бармай-ақ өзіміздің Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңдарына көз салайықшы. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңның 3-бабында көзделгендей, елімізде экстремистік деп танылған ұйымдардың атауларын жаңадан құрылатын ұйымдар атауына пайдалануға жол берілмейді. Осы заңның 13-бабында бейбіт митингілер мен шерулер өткізу  барысында экстремизм нышандарын пайдалануға жол берілмейтіні айтылған. Мәселен сіз ізгі мақсаттағы қоғамдық акциялар өткізу барысында біліп-білмей тыйым салынған экстремистік ұйымға қатысты бір нышанды, айталық ДАИШ ұйымының қара түсті туын немесе оның суретін қолдана қалсаңыз, ол экстремизм нышанын пайдалану ретінде айыпталады» дейді маман. Яғни, оның пікірінше, елімізде салафизм мен уахабизмге тыйым салу жұмыстары басталып кеткен. Тек соны соңына дейін жеткізу керек дейді ол.

«2014 жылдың 18 тамызында Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымы экстремистік деп танылып, оның Қазақстан аумағындағы қызметіне тыйым салынғаны белгілі.  Тәкфіршілік – бір идеологиялық негізден бастау алатын салафиліктің көп ағымдарының бірі. Сондықтан тәкфіршілікке тыйым салу үдерісін салафилік ағымдарды бөлшектеп еңсерудің басы деуге болады. Ал оның ортасы – жоғарыда айтылған салафилік әдебиеттерге тыйым салу болатын. Енді ағымның идеологиясы мен іс-әрекетіне шектеу қойылса, бұл үдеріс толығымен аяқталады» деп сөзін түйді теолог А.Әбдірәсілқызы.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика