+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
17.08.2016 в 08:51

Имамдар білімін күн сайын жетілдіріп отыруы тиіс – ҚМДБ өкілі

ҚМДБ оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Қыдырбайұлының айтуынша, мүфтияттың ішкі ережесінде имам-молдалар 5 жылда бір рет білімін жетілдіріп отыруы тиіс деп көрсетілген екен. Алайда, діни ұстаздар 5 жылда емес, күн сайын біліктілігін арттырып отыруы тиіс деп есептейді ол.

Дінтанушының айтуынша, еліміздегі 3611 имам Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру институтында білімін жетілдіреді екен.

«Діни кадрларымыздың білімін үнемі жетілдіріп отыру – заман талабы. Бұл бойынша да көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұрынғы құжаттарды қарап отырсақ, «имамдар бес жылда бір рет білімін жетілдіруі керек» деп жазылыпты. Жалпы имам күн сайын білімін жетілдіруі тиіс.

Бес жыл деген тым көп уақыт. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти 
Ержан қажы Малғажыұлы: «Әрбір имамның кемінде бес шәкірті болсын» деп талап қойғаны белгілі. Ендеше, жамағатқа білгенін үйрету үшін де имамның өзі үздіксіз білімін жетілдіріп отырмаса, қалай сауатты шәкірт тәрбиелемек?! Сондықтан дін мамандарының білімін жетілдіруге байланысты да біршама өзгертулер мен толықтырулар еңгізілді.

Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру институтының бұрынғы оқу бағдарламасы 4 айға жоспарланған еді. Ол 2 айға дейін қысқартылды. Бірақ білім сапасы артпаса, кеміген жоқ. Өйткені, еліміз бойынша мешіттерде қызмет етіп жүрген 3611 имам бар. Мүмкіндігінше олардың барлығын қамтуымыз қажет. Осы мақсатта 2014 жылы 200-ге жуық имам, 2015 жылы 245 имам аталмыш оқу орнын бітірді. Дегенмен, 3 мыңнан астам діндардың барлығын қамту мүмкін болмағандықтан, еліміздегі 9 медресенің жанынан имамдардың білімін жетілдіру курстарын аштық. Сондай-ақ, барлық облыс пен өңір өкілдіктері үш күндік, бес күндік, он күндік біліктілік семинарларын ұйымдастыруда.

Биыл Құдай қаласа, Түркістандағы Ахмет Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің жанынан имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтын ашуды жоспарлап отырмыз. Университет басшылығы бізді қолдауға дайын.

Мұнан өзге Ресей, Түркия, Малайзия мемлекеттерімен жасасқан келісім-шарттарымыз да бар. Сол уағдаластықтың аясында имамдарымыз Ресейге, Түркияға, Татарстанға барып білімдерін жетілдіруде.

«Әрине, дін мамандарының білім деңгейінің әркелкі екені жасырын емес. Осыны ескере отырып, алдағы уақытта имамдарды да білім деңгейіне қарап оқытуды қарастырудамыз. Мысалы, бір имам білімді болғанымен біліктілігі жетіспейді, екіншісі білікті болғанымен білімі кемшін. Осы жағдайларды қаперге ала отырып, жаңаша білімді сараптау бағдарламалары дайындалуда. Еліміз бойынша имамдарды аттестациялау жұмысы жақында ғана аяқталғанымен, бұл үрдіс тоқтап қалмайды. Бүгінде бізде имамдардың білім деңгейін анықтай-тын сараптау комиссиясы мен аттестациялық комиссия бар. Енді дайындалып жатқан бағдарламаға сәйкес біліктілік комиссиясы құрылып, дін қызметкерлерінің білімін үздіксіз тексеріп отырмақпыз. Еңбек өтіліне қарап, дін қызметкерлері категориялар мен санаттарға бөлінеді. Алдағы уақытта бес жүз қызметкерді категорияларға бөлу мақсатында сараптауды жоспарлап отырмыз», — дейді Бақтыбай Қыдырбайұлы.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика