+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
16.08.2016 в 15:31

Павлодар облысында бастауыш сынып пен математика, ағылшын тілі пәндерінің ұстаздары жетпейді

Павлодар облысында бастауыш сынып пен математика, ағылшын тілі пәндерінің ұстаздары тапшы, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиын барысында білім беру басқармасының басшысы Бақыт Бексейітова мәлім етті.

«2016 жылы жас мамандарды жұмыс орындарына бөлудің нәтижесінде облыс мектептеріне 520 педагог жіберілді. Олардың 220-сы 15-тамызға дейін жолдама бойынша жұмысқа кірісіп кеткен. Дегенмен жастардың 20 пайызға жуығы отбасын құруына немесе әрі қарай магистратурада білімін жалғастыруына байланысты келе алмайды. Бұған қоса, биыл Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша 18 адам ғана бітірген. Әдетте, бұл мәселе бос орындарға зейнеткер педагогтарды жұмылдыру және мұғалімдер арасында оқу жүктемесін қайта бөлу, педагогикалық колледждердің студенттерін қабылдау арқылы шешімін табады. Сондай-ақ, математика бойынша кадр тапшылығын шешу мақсатында Қарағанды, Семей қалаларында бос жұмыс орын жәрмеңкелеріне қатысқан болатынбыз», — деді Бақыт Бексейітова.

Басқарма ұсынған мәліметке сүйенсек, өңірдің білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтардың саны 20 мыңнан асады. Оның ішінде 11 502 мұғалім қалалық мектептерде және 6 706-сы ауылдық аймақтарда еңбек етуде.  Бүгінде аймақта мектеп директоры лауазымына 25-ке жуық бос орын бар. Қазіргі таңда Качир ауданының Жасқайрат, Тегістік ауылдарында, Шарбақты ауданының Чигиринская, Володарская, Назаровская, Успен ауданының Қаратай, Ковалевская және Май ауданының Малайсары, Абай мектептерінде директорлар тағайындалмаған. Аталған тоғыз білім беру мекемесіндегі бос орындар ұзақ мерзімді болып есептеледі.

«Біз жас мамандармен еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін қамтамасыз ету керекпіз. Сондықтан әбір аудан бойынша қанша маман керек екенін және алдағы үш жылда «Димломмен ауылға» бағдарламасы аясында қажет қаражатты анықтап, өтініш беру керек», — деді облыс әкімі Болат Бақауов.   

Еске сала кетейік, облыста 2016-2017 оқу жылының басында 676 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде балабақшалар саны - 168, мектептер - 389, колледждер - 49. Өткен жылмен салыстырғанда мекемелер желісі 13 нысанға азайған. Нақтырақ айтсақ, Ертіс ауданында бір негізгі мектеп (Тоғызақ), Баянауыл ауданында бес бастауыш мектеп (Көкдомбақ, Мұрынтал, Ақмектеп, Медет, Ақши), Железин ауданында екі бастауыш мектеп (Жаңабет, Жаңабірлік), Успен ауданында бір бастауыш мектеп (Надаровская), Шарбақты ауданында бір бастауыш мектеп (Сүгір), Качир ауданында бір бастауыш мектеп (Благовещенская), Павлодар ауданында бір бастауыш мектеп (Максимовская), Ақтоғай ауданында бір бастауыш мектеп (Разумовская) қысқарған.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика