+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
17.08.2016 в 17:41

2017 жылы Павлодар облысына шыбын-шіркейді улауға 620 млн теңге бөлінеді

2017 жылы Павлодар облысына шыбын-шіркейді улауға 620 млн теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін   аймақ басшысы Болат Бақауов облыстық мәслихаттың депутаттары алдында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша  есеп беру барысында мәлім етті.

«Бұған дейін облыста шыбын-шіркеймен күреске бюджеттен үш жыл қатарынан 170 миллион теңгеден бөлінген болса,  2016 жылғы сома 145 миллион теңгені құрады.   Бұл мәселенің шешімін табу үшін жергілікті жоғары оқу орындарының мамандарын тартып, қанша қаражат қажет екені есептелді.  Республикалық бюджетке  алдағы үш жылға  жыл сайын 620 миллион теңге қаражат бөл үшін өтініш  жолданды. Облыста туристік кластерді дамыту алға қойған басты мақсаттардың бірі болып саналады.  Сондықтан бұл мәселені жеке бақылауымда ұстайтын боламын. Бұл ретте, Павлодар қаласын ғана емес, Ертіс өзенінің бойында орналасқан барлық аудандарды қамту қажет», — деді Болат Бақауов.

Айта кетерлігі, биыл шыбын-шіркеймен күреске 30 тонна бактицид жұмсалған. Шіркей дернәсілін жоятын құрамында биологиялық бактериялары бар дәрі-дәрмектер 2002 жылдан бері қолданылып келеді. Өзенге төгілген дәрі-дәрмектің арқасында шіркей дернәсілі сұйықтықты жұтып, ішек инфекциясы салдарынан өлуі тиіс. Жыл сайын залалсыздандыру жұмыстары 17-18 мамырда өткізіледі. Себебі, мамырдың үшінші онкүндігінде дернәсілдердің шіркейге айналу  процесі басталады, сондықтан оған дейін оларды жою  керек. Ертіске құйылған 20 тонна бактицид 100 километрге есептелген.

С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, биология ғылымдарының докторы Қанат Ахметовтың айтуынша, Ертіс өзенінің арнасы Қазақстандағы ең ірі болып табылады. Сондықтан басқа аймақтарға қарағанда Павлодар облысы арқылы ағатын өзеннің бойында шіркеймен күресте  ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Егер 2000 жылдың басымен салыстырсақ, олардың саны қазіргі уақытта азайған. Себебі, бұрын 1 шаршы метрде үш мыңға жуық дернәсілдер болса, қазір тек 400-500 шамасында. Сонымен қатар, бұрын шіркейдің алты түрі болса, қазір   үшеуі қалған.

Негізі залалсыздандыру жұмыстарымен «Нұрбелес» ЖШС және күніне екі рет ғылыми зерттеумен «Сандерс» ЖШС айналысып, шіркейдің көп шоғырланған жерлерін анықтаған. 

Еске сала кетейік, биыл жазғы маусымда шыбын-шіркейден мезі болған   павлодарлықтар қансорғыштардан қорғану үшін денеге арнайы май жағып, қолға ұсақ жәндіктерді үркітетін орамал ұстап жүруге мәжбүр болған.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика