+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
18.08.2016 в 08:10

Атыраулықтардың әлеуметтің әлеуетін арттыру – басты назарда

Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізудің бір шешімі - әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңартып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы халықты жұмыспен қамту. Аталмыш бағытта Атырау облысында 35 нысанды жөндеуге 1,4 млрд теңге қаралып, 607 тұрғынды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазір 33 жобада жөндеу жұмыстары басталып, 382 адам қызметке орналасып отыр.

«Жақында Үкіметтің арнайы қорынан қосымша 379,165 миллион теңге бөлу жоспарланды, бұған ауылдық жерлердегі 30 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі», — дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Еркін Шпанов.

Жалпы, биыл «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлініп, 1435 адамды қамту жоспарланған. Алты ай ішінде аталмыш бағдарламаға 1642 жұмыссыз қатысқан. Басқарма басшысының айтуынша, бұл – жақсы көрсеткіш.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бағытында ағымдағы жылы 196 адам бизнес бастау негіздері жайынды білімдерін жетілдірсе, 125 адамға несие берілген. Мемлекеттің қолдауын пайдаланып, несие алып, кәсібін ашып, нәсібін көруге ұмтылғандар саны артып келеді.  Мәселен, Индер ауданында Оңай Арыстанова аталған бағдарлама арқылы 3 млн.теңге несие алып, медициналық бөлімше ашқан. Аудан тұрғындарына сүлікпен емдеу медициналық қызметін көрсетіп отыр. Және ауылдастарын да жұмыспен қамти бастады.  Сол сияқты, Құрманғазы ауданында Эльмира Қибаева  облыста бұрын-соңды болмаған кәсіп түрі - экологиялық таза фосфат-ионсыз кір жуғыш ұнтақ шығару цехын іске қосты. Ал, Геолог селолық округінің тұрғыны Айнұр Қалиева ашқан жиһаз цехының өнімдері  тұтынушылардың жоғары сұранысына ие.  Білгеніміздей, бағдарлама басталғаннан бері аймақта 1986 адам 4 млрд.733 млн.теңге көлемінде несие алып, қосымша 1378 жұмыс орны құрылған.

Жаппай жұмыстан бостауды болдырмау, жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында облыс әкімдігі жүргізген  2537 жұмыс берушімен және кәсіподақтармен ынтамықтастық меморандумдары 115,3 адамның жұмыс орнын сақтап қалуына ықпалын тигізді. Сонымен қатар, қысқартуға жоспарланған 2520 адамның 2167-сі қызметтерінде қалды.

Жалпы, аймақтағы жұмыссыздық деңгейі – 5 пайыз, ал жастар арасындағы жұмыссыздық екі пайызды құрап отыр.

Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Еркін Шпанов тағы бір түйткілді мәселені жайып салды. Оның пайымдауынша, облыста бос жұмыс орындары көп. Алайда, оған орналасуға жастардың дені құлықсыз. Мәселен, «Сичим» компаниясы алдыңғы айда 1100 бос жұмыс орнына тапсырыс берген. «Арнаулы автобаза» мекемесіне де 200-ден астам маман керек, айлық еңбекақысы 70-80 мың теңге көлемінде. Алайда, мұндай жұмыс орындарына жастардың барғылары жоқ.    

«Осы ретте мына жайтқа назар аудару керек. Дерек бойынша, өткен жылы біздің өңірге 56117 шетел азаматы келген. Оның 16 мыңы – көрші  Өзбекстан елінің азаматы. Ал, Ұлттық банктің мәліметінше,  Атырау облысынан аталмыш елге өткен жылы 750 миллион теңге пошта аударымы болған. Бұл шетел азаматтарының шекара арқылы қолма – қол алып өткен ақшаларына бөлек», — деп атап өтті басшы. Расында, ашынарлық жәйт.

Әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған қолдаулар жыл сайын ұлғайып келеді. кәсібін ашып, ісін дөңгелетемін дегендерге де көрсетілер жеңілдіктер аз емес. Осы ретте, жалқаулыққа салынбай, бар мүмкіндікті барынша пайдалануға ниет қана жетіспейтін секілді...

Алина ЗИНЕЛ


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика