+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
15.08.2016 в 18:24

Қазығұртта жат ағымдардың алдын алу мақсатында кездесулер өтті

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында діни жат ағымдардың алдын алу үшін жергілікті тұрғындармен, оның ішінде жастармен кездесулер болып өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Теолог-мамандардан, ғалымдардан және имам-молдалардан тұратын ақпараттық топ жұрттың көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, дәстүрлі емес діни ағымдардың зиянын түсіндірді.

Қазығұрт ауданының бас имамы Е.Полатов пен «Молалы» мешітінің имамы М.Исхақов және ақпараттық топтың өзге өкілдері С.Рахимов, Жіберген, Қарабау ауылдарында болып, әкімдік қызметкерлерімен, мектеп мұғалімдерімен және жастармен кездесті. Осы кездесулер барысында спикерлер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соғады» деген сөзін негізге алып, дін және дәстүр сабақтастығы аясында баяндама жасап, түрлі әңгімелер өрбіді.

Айта кетейік, дәл осындай ақпараттық топ бүгінде еліміздің барлық аймағында жұмыс істеп жатыр. Басты мақсат – халықтың діни сауатын ашып, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу. Мұндай алдын алу шаралары кешегі Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін қолға алынып отыр.

Естеріңізге салайық, биыл мамыр мен маусым айларында салафизм діни ағымының өкілдері алдымен Ақтөбеде теракт жасап, 7 адамды атып өлтірсе, артынша Алматыда дәл осындай жағдай қайталанды. Елімізде бүгінгі таңда салафизмге тыйым салу мәселесі қаралып жатыр.

Жалпы, жергілікті имам-молдалардың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал тұрақты. Облыс аумағында барлығы 3 мыңдай адам дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүрген көрінеді. Оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мешіт молдаларымен бірге әкімдік жанындағы дін істері басқармалары түрлі іс-шаралар өткізіп отырады. Әсіресе жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, кездесулер және семинарлар өткізу жұмыстары жолға қойылған.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика