+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.08.2016 в 16:31

ОҚО-да діни ақпараттық-насихат тобы жұмысын қорытындылады

Халықтың діни сауатын ашып, теріс діни ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін құрылған ақпараттық-насихат тобы жұмысының алғашқы қорытындыларын шығарып жатыр, хабарлайды NewTimes.kz.

Құрамына теолог-ғалымдар мен имам-молдалар және ішкі саясат басқармасы мен дін істері басқармасының мамандары кіретін осынау топ ОҚО аудан-қалаларын аралап шыққан болатын.

Облыс имамының орынбасары Амантай Садиевтің төрағалығымен өткен қорытынды жиынға ақпараттық топ мүшелері қатысты. Олардың әрбірі атқарған жұмыстарына есеп беріп, аудан-ауылдардағы діни ахуалды баяндап берді.

Мәжіліс барысында жеке кездесулердің сапалы һәм сауатты өткізілу жәйі, кереғар ағымдардың алдын алу үшін жоспарлы түрде жұмыстарды кезең-кезеңімен өткізу, мәліметтерді ай сайын беріп отыру мәселелері сөз етілді.

Сонымен қатар, дәстүрлі емес бағыттағы азаматтармен жұмыс барысында ішкі саясат басқармасы мен діни істер басқармасы бірлесіп жұмыс жасау қажет екендігі ескертілді.  Сондай-ақ, алдағы қыркүйек айынан бастап, осы топ мүшелерінің тәжірибелерін дамытуға арналған қысқа мерзімді семинарлар өткізу көзделуде.

Айта кетейік, дәл осындай ақпараттық топ бүгінде еліміздің барлық аймағында жұмыс істеп жатыр. Басты мақсат – халықтың діни сауатын ашып, дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу. Мұндай алдын алу шаралары кешегі Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғалардан кейін қолға алынып отыр.

Естеріңізге салайық, биыл мамыр мен маусым айларында салафизм діни ағымының өкілдері алдымен Ақтөбеде теракт жасап, 7 адамды атып өлтірсе, артынша Алматыда дәл осындай жағдай қайталанды. Елімізде бүгінгі таңда салафизмге тыйым салу мәселесі қаралып жатыр.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика