+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
25.07.2016 в 07:08

Қажылыққа ниет еткендерді діни сауаттандыру аса қажет

Күллі жұртқа мәлім 1993 жылдың жазында Қазақстаннан тұңғыш рет 300 адам қажылық сапарына аттанды. Сол жылдан бастап қажылыққа ниет білдірген жерлестеріміздің саны артып келеді. Биылғы жылы Республика бойынша 3000 азамат қасиетті сапарға аттанады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясы еліміздің қажыларын тек «FlyNas» халықаралық әуекомпаниясы тасымалдауға құқылы екенін және одан өзге компаниялармен ұшуға рұқсат етілмейтінін хабарлайды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен Сауд Арабия Корольдігі Азаматтық авиация басқармасы арасында қабылданған меморандумға сәйкес, 2016 жылғы қажылық маусымында Қазақстан қажыларын толық тасымалдау құқығы «FlyNas» халықаралық әуекомпаниясына берілді. Тасымалдау тек еліміз бойынша үш қаласынан жүзеге асырылады. Олар: Ерордамыз Астана, Алматы, Шымкент қалалары.

Қажылардың алғашқы ұшып кету уақыты үстіміздегі жылдың 30 тамыздан басталады.

Ниет еткен азаматтарға қажетті екпе жұмыстары мен қатар, 2016 жылдың 25 шілдесінен бастап Облыстық мешітте қажылық кезінде атқаратын ережелер мен тәртіптерін түсіндіруге арналған курстар ұйымдастыру көзделуде. Бұл қажыларымыздың мол сауап алып, әсері ғибадат етуіне мүмкіндіктер туады.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет: «Қажылық – сауапты сапар, қиындығы мол, әрбір қажыдан үлкен сабырлылық, терең төзімділікті, риясыз тақуалықты талап етер ғибадаттың түрі. Қажылық сапары сауда-саттық немесе туристік сапар емес, өзіндік ерекшелігі бар ғибадат жолы, сондықтан да әрбір мұсылманнан тиісті дайындықты, оны орындаудың өзіндік ерекшеліктері жайлы мағлұматты білуді талап ететін құлшылықтың түрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде кім Алла тағала ризашылығы үшін қажылық жасаса, жаман сөзден, жаман қылықтардан, күнәлардан сақтанса анасынан туылғандай пәк болып қайтады», – деген. Қажылықтың әр минутын құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізудің сауабы мол. Осы сапарда елімізге амандық, жерімізге тыныштық, дініміздің жанашыры Елбасына, дін қамында жүрген азаматтарға есендік, дендеріне саулық тілесек абзал болады. Алла тағала сапарларыңызды оңды етіп, елімізге аман-сау оралуларыңызды тілеймін», – деген болатын.

Осы тұста айта кету керек, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қамқорлығымен екі ауыл имамы үлкен қажылыққа жолдама алып отыр. Сонымен қатар, жуырдаға ғана «Көрікті мешіт-2016» тазалық байқауының жеңімпазы болған Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы орталық «Нұғман» мешіті мен үшінші орын иегері Қазығұрт ауданы, Үшбұлақ ауылндағы «Үш бұлақ» мештінің имамдары қажылық жолдасына ие болуда.

Сондай-ақ, биылғы жылы тікелей рейс Шымкент-Жидда қалаларына болғандықтан қажылыққа ниет еткен азаматтар тұңғыш рет Шымкент әуежайынан ихрамға кіреді.

Мұхамеджан Естеміров,

облыс имам орынбасары


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика