+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
19.08.2016 в 19:53

ОҚО-да діни оқу ағарту саласын дамыту қажет

Діни оқу-ағарту саласын дамытпай дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу аса қиын дейді Оңтүстік Қазақстан облысы бас имамының орынбасары Еркебұлан Қарақұлов. Бұл туралы ол ОҚО имамдарының форумында сөйлеген сөзінде айтты.

Оның айтуынша, еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының қазіргі таңда аса мән беріп отырған мәселесі діни оқу-ағарту және уағыз-насихат жұмыстарын республика аумағында күшейту болып табылады.

«Бұл Мүфти хазреттің Қасиетті Құран және Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) жолдары екендігін және бір рет баршамыздың естерімізге салуы. ҚМДБ-ның имам-моладалары, азаншы және ұстаздарының ілім алып, діни оқу-ағаратушылық және сапалы уағыз-насихат жұмыстарын жүргізу Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің басты назарында. Асыл дініміз де бұл екі мәселеге аса зор мән бергендігі баршамызға белгілі. Ислам діні − ілім алуға, сауатты болуға шақыратын дін. Алла Тағала ең алғаш Құран аяттарын уахи еткенде «Алақ» сүресінде: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» - деген.Тағы бір Құран аятында: «Алла Тағала сендердің араларыңнан иман келтіргендердің сондай-ақ өздеріне ілім нәсіп болғандардың дәрежесін көтеріп, мерейін өсіреді», Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) хадис-шәріпінде: «Ілім алу әрбір мұсылман ер мен әйел кісіге парыз» - деген. Сондықтан, діни сауатымызды ашу – қазіргі таңда маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Ағартушылық болмай теріс діни ағымдармен күресу мүмкін емес», — дейді Е.Қарақұлов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ҚМДБ-ға қарасты діни оқу орындарын көптеген жас мамандар бітіріп шыққан. Қазір олар еліміздің әр аймағындағы мешіттерде қызмет істеп келеді.

«Мәселен, биыл «Шымкент» медресесін жалпы 33 түлек бітіріп шықты. Оның 19 ер, 14 қыз. «Сарыағаш» медресесін 50 түлек бітіріп шықты. Оның 28 ер, 22 қыз. Ал, облыс көлемінде 232 мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарын жыл басынан бері оның ішінде жазғы демалыста ұл шәкірттер саны 6092 болса, қыз-балалар 2189 қазіргі таңда құран әліппесін және басқа да имандылық сабақтарын үйренуде. Мұнымен, республикалық және жергілікті ақпарттық уағыз-насихат тобының 19 кездесу өтіп 5755 адам қамтылды», — дейді ол.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика