+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
21.08.2016 в 21:05

Атыраудың өз қанты болады

Қыркүйек айынан бастап Атырауда алғаш рет шақпақ қант өндіретін цех іске қосылады. Бұл жағымды жаңалық туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз өкілі Әлия Жамитовадан білдік, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Оның айтуынша, мұнайлы өңірдегі мұндай бастама «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында мүмкіндік болып отыр. Айта кетелік, Атырауда шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша барлығы 313,5 млн. теңгеге екінші деңгейдегі банктер несиесі бойынша субсидия алу үшін тоғыз жоба мақұлданды. Түрлі санаттағы 23 кәсіпкер мемлекеттік грантқа үміткер болды. Олардың қатарында «Береке компаниялар тобы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 31 миллион теңгені құрайтын несиеге субсидия алды. Бөлінген қаражат қант рафинадының өндірісі үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.

Аталған кәсіпорынның басшысы Әсет Тұяқбаевтан білгеніміздей, ғимаратты жалға алған екен.

«Цехтың толық қуаттылығы – тәулігіне 6 тонна қант өндіру. Онда әр ауысымда үш жұмысшы еңбек етеді деп жоспарлануда. Мен бұрын біздің облысымызға шақпақ қант жеткізумен айналыстым, бұл өнімнің үлкен сұранысқа ие екенін білемін. Оны осы жерде өндіру бағасын төмендетуге мүмкіндік береді», — дейді ол.

Кәсіпкер енді қондырғылардың жеткізілуін күтіп отыр. Жоспар бойынша, бастапқы және басты мақсат – тәулігіне 1,5 тоннаға дейін шақпақ қант өндіруді жолға қою. Ал, шикізат Алматы мен Ресейден әкелінетін болады.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика