+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
25.07.2016 в 10:05

Түркістанда экстремизмге қарсы күреске арналған жиын өтті

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» тақырыбында кездесу жиыны өтті.

Айтулы іс-шараға қатысқан ҰҚК Түркістан аудандық бөлім басшысының орынбасары Ж.Орынбаев, ҰҚК Түркістан аудандық бөлімінің жедел уәкілі Д.Оразов және Халықаралық қазақ-түрік университетінің теолог маманы С.Оразбай музей қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жөнінде кездесуін өткізді.

Жиында мамандар ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мекеме ұжымымен кездескен мамандар Жаңа діни қозғалыстар тақырыбында әңгіме өрбітіп, олардың сипаттары мен ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды.

Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы деструктивті діни ұйымдарға қатысты мәселелердің маңыздылығы біздің халқымызға жат діни және псевдодіни ағымдардың мәселелері күн тәртібінде тұрғанын айтты. Бұл тұрғыда осындай ағымдардың деструктивті әсеріне жастардың көптеп ұшырайтыны тілге тиек етілді.

Сондай-ақ, біздің біреулердің жетегінде кетпей, өзіміздің дәстүріміз бен мәдениетімізге тән діни сана қалыптастыруымыз қажет екені еске салынды. Мұндай шаралар бүгінгі қалыптасып отырған жағдайда ауадай қажет болып табылады. Қазақстандағы соңғы 3 ай ішінде орын алып жатқан қайғылы оқиғаларды мысалға келтіріп, сақтанып жүруге кеңес берді.

Айта кетейік, биыл маусым және шілде айларында Ақтөбе мен Алматы қалаларында орын алған лаңкестік оқиғаларынан кейін еліміздің барлық аймағында діни ақпараттық түсіндіру топтары құрылып, ауыл-қалалардың барлығын аралап жүр. Топты құрудағы басты мақсат – халықтың діни сауатын ашып, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтау.

Құрамына теолог-ғалымдар, имам-молдалар және салаға жауапты қызметкерлер кіретін осынау жұмыс тобы Оңтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданын аралап, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіп үлгерді.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика