среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Ендігі мақсат арнайы дайындалған террористердің келуіне жол бермеу - Е.Қарин

Қазақстанда лаңкестік жасаған экстремистердің сыртқы ұйымдармен байланысы жоқ, олар терактіні еш дайындықсыз жасаған дейді белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин. Оның пікірінше, ендігі мақсат - арнайы дайындалған экстремистердің келуіне жол бермеу.

Журналистерге берген сұхбатында Ерлан Қарин Ақтөбе мен Алматыда лаңкестік жасағандардың кім екенін, не мақсатпен мұндай қадамға барғандығын айтып берген болатын.

«Соңғы жағдайға қатысқан радикалдық топтардың ешқандай дайындығының болмауы, əрине, біздер үшін ұтымды жақ. Қазақстанда орын алып жатқан террорлық актілердің қандай да бір нақты институционалдық жəне идеологиялық негізі жоқ. Біз əзірге жүйесіз, өзара ұйымдаспаған, өз əрекеттерін нақты жоспарламаған радикалдық топтармен бетпе-бет келіп отырмыз. Ендігі біздің мақсатымыз олардың орнына арнайы оқытылып жəне дайындалған террористердің келуіне жол бермеу. 2011-2012 жылдардағы оқиғалардан кейін біз басқа мəселелерге көңіл аударып, орын алған жағдайды бір реттік радикалдық белгі ретінде қабылдадық. Енді болса, бұл қауіп-қатерге қарсы нақты жəне тиімді шара қолданар үшін, біз, ең алдымен, экстремизм мен терроризм қаупі ұзақ уақыттық тренд екенін түсінуіміз керек. Біз толқын іспетті радикалдық белгілер мен бетпе-бет келіп отыруымыз ықтимал. Бұл жерде радикалдануға əсер етіп отырған мəселенің себеп-салдарына назар аудару қажет. Ең бірінші - əлеуметтік экономикалық мəселелер болып отыр. Жасыратыны жоқ, елімізде жұмыссыздық, жалақының төмендігі, криминалдық жағдай, жемқорлық, жастардың қоғамға бейімделе (Маргинализация) алмауы сынды əртүрлі мəселелер жастарға қиындық тудырып отыр. Айналып келгенде, мұның бəрі əлеуметтік теңсіздік əсерін күшейтіп, радикалды идеологияларды уағыздаушыларға қолайлы жағдай жасауда. Бірақ, осы мəселелерді объективті жəне дұрыс бағамдау арқылы ғана біз көптеген қауіп-қатерлерді дəл анықтап қоймай, болашақтағы дамудың жаңа басымдықтарын да айқындай аламыз. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет пен қоғам бұл қауіппен ұзақ мерзімді күреске дайын болуы қажет. Əрине, соңғы оқиғалар біз үшін жаңа үлкен сынақ болып отыр. Алайда, осы жағдай кезінде біз отандастарымыздың жауапкершілігі мен ауызбіршілігін де көрдік. Мəселен, кей бір азаматтар жараланғандарға дереу көмек көрсетіп жатса, басқалары медицина орталықтарында қан өткізу үшін кезекке тұрып жатты. Бұл бізге бір ұлт, бір халық ретінде ұйысуда ауыр болса да, үлкен сабақ, тəжірибе. Тек қана бір-бірімізге қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп, көмектесу арқылы ғана біз бұл қауіп-қатерге тойтарыс бере аламыз», — дейді саясаттанушы.

Естеріңізге салайық, аталған жайттардан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында да қауіпсіздік мәселесі күшейді. Құқық қорғаушылар дістүрлі емес діни ағымдарды ұстанушыларды анықтап, олармен әліге дейін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандардың айтуынша, облыста 3 мыңнан астам адам теріс діни ағымарға кіріп кеткен.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0