+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
01.08.2016 в 16:47

Радикалдар тек құқық қорғау органдарына шабуыл жасайды деген пікір қате

Елімізге танымал саясаттанушы Ерлан Қарин «экстремистер тек құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасайды» деген пікірдің шындыққа жанаспайтнын айтып отыр. «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында сарапшы лаңкестердің ешкімнің статусына, қызметіне, жынысына қарамайтынын айтты.

Оның пікірінше, радикалдар құқық қорғау органдарына қару-жарақ иемдену үшін шабуылдайды екен.

«Радикал топтар тек қана құқық қорғау органдарына шабуыл жасайды» деген пікір қате. Талдау барысында анықталғандай, бейбіт тұрғындар да радикалдық топтардың құрбанына айналып отыр. Мысалы, радикалдардың қолынан көбінесе кəсіпкерлер, автокөлік пен такси жүргізушілері, сауда орталықтарының қызметкерлері мен көшедегі кездейсоқ адамдар құрбан болуда. Ал радикалдардың құқық қорғау органдары мен полиция учаскелеріне, ҰҚК департаменті мен əскери бөлімдерге шабуыл жасауы - қару иемденіп алу мақсатында жасалып отыр. Немесе радикалдық топтардың шабуылы құқық қорғау органдарына өздерінше көрсеткен сесі мен өзіндік кек қайтаруы болуы мүмкін. Мысалы, құқық қорғау органдары Ауғанстан немесе Сирия елдеріндегі радикалдық топтарға қосылғысы келетін азаматтарға кедергі келтіріп, соңына түскенде олар өшігіп, қарсы əрекет ұйымдастыруы ықтимал. Жəне де, олардың көп жағдайда арнайы дайындалған жоспары мен тактикалық іс-əрекеттері жоқ. Көп жағдайда радикалдық топтар шын мəнісінде бұрын болған белгілі бір оқиғаларды қайталап жасауға тырысатыны белгілі. Бірақ та, радикалдардың бұл іс-əрекеттері бəрібір де жиі террорлық акт болып есептеледі, себебі олардың мұндай əрекеттері түптің-түбінде қоғам ішінде үрей таратып, жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған. Мысалы, менің ойымша, Алматыдағы соңғы оқиға, қылмыскердің негізгі мотивін қалай атасақ та, негізі теракті болып бағалануы керек. Себебі, оның іс-əре кетінде террорлық акцияның кейбір элементтері бар. Мысалы, қылмыскер мемлекеттік биліктің ғимараты мен нысандарына шабуыл жасау арқылы қоғамдық тұрақтылықты бұзып, азаматтарды қорқынышта ұстауға тырысты», — дейді Қарин.

Оның айтуынша, қазақстандық экстремистерді үш түрге бөліп қарастыруға болады.

«Кезінде біз 2003-2013 жылдар аралығындағы терроризм бабы бойынша барлық қылмыстық істерге талдау жасаған едік. Талдау барысында экстремистік іс əрекетке қатысы бар деген əртүрлі 19 топтың 227 радикалының өмірбаянымен таныстық. Сараптама нəтижесі бойынша, бұл топтарды шартты түрде 3 түрге бөлуге болады: «Диверсиялық» (Сырт тан арнайы жоспар мен мақсатпен дайын далған адам дар), «Жамағат» (Діни экстремистік негіз де жиналған радикалдар тобы), «Банды» (Көшбасшының немесе басқа бір фактілердің əсерінен радикалданған қарапайым қылмыстық топ). Қазақстанда көбіне аталған топтарды діни жəне қылмыстық негіз бойынша біріккен адамдар құрайды», — дейді саясаттанушы.

Естеріңізге салайық, маусым мен шілде айларында Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін еліміздегі қауіпсіздік мәселесі күшейді. Арнайы құрылған діни ақпараттық топтар Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарында жұмыс істеуде. Олардың басты мақсаты - халықтың көзін ашып, теріс діни ағымдардың алдын алу. Имам-молдалардың мәліметіне, ОҚО-да дәстүрлі емес діни ағымдарға кіріп кеткен тұрғындар саны 3 мың адамнан асады екен.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика