+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
18.08.2016 в 17:03

ОҚО-дағы діни ахуал тұрақты – М.Бесбаев

Елімізде террористік қауіптіліктің сары деңгейі енгізілгенімен Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал тұрақты дейді ОҚО дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ директорының міндетін атқарушы Мәди Бесбаев.

Оның айтуынша, діни жағдайдың тұрақты болуы – мемлекеттің дін саласындағы саясатының, оны жүзеге асырудағы оңтайлы жолдарды жүзеге асыра білуінің нәтижесі.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамға өз бетінше біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады», – деп атап өткен болатын. Сол себепті, мемлекеттік құрылымдар мен Қазақстан қоғамы алдында этнос-аралық және конфессияаралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды әрі қарай дамыту міндеті тұр. Осы мақсатта облыста азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын, әртүрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайту, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстары атқырылуда. Қоғамды діни сауаттандырудағы, жалған діни ағымдарға арбалғандарға көмек берудегі теологтардың алар орны ерекше. Бүгінде өңірде діни ахуал бірқалыпты дамуда. Бұл, әрине, мемлекеттің дін саласындағы саясатының, оны жүзеге асырудағы оңтайлы жолдарды жүзеге асыра білуінің нәтижесі екендігі анық. Діни алауыздық пен радикализмнің жолына тосқауыл қойып, экстремизм мен лаңкестік көріністеріне жол бермеуде мемлекеттік құзырлы органдар, діни бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар жұмыла қызмет етуде», — дейді дінтанушы-маман.

Оның айтуынша, облыста тіркеуден өтпеген діни бірлестіктердің бәрі жабылып, таратылған екен.

«Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 11 конфессияны құрайтын 59 діни бірлестік қайта тіркеуден өтті. Осыдан төрт жыл бұрын қайта тіркеуден өтпеген діни бірлестіктер түгел таратылып, олардың қызметіне тосқауыл қойылды. Тіркелген діни ұйымдардың мемлекеттік билік өкілдерімен өзара қатынастарының дәйекті жолдары мен тетіктерінің қалыптасқандығын, конфессияаралық қатынастардың қалыпты жолға қойылғандығын атап өткен жөн. Нәтижесінде, өңір тұрғындары арасында діни қақтығыстар мен араздықтар көрініс берген жоқ», — деп сөзін түйді Мәди Бесбаев.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының халқы ұлттық салт-дәстүрден ажырамаған, қала берді, діни сауаттылықты қалыптастырған орта ретінде ерекшеленеді. Оның бір мысалы, республикада барлығы 2500 мешіт болса, оның 800-і ОҚО-ға тиесілі.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика