+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
18.08.2016 в 21:01

ОҚО-да дін мәселелерін зерттеу орталығы биыл 500-ден астам кездесу өткізбек

Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ биыл 500-ден астам кездесу өткізіп, тұрғындармен діни тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы аталған орталық директорының міндетін атқарушы Мәди Бесбаев мәлімдеп отыр.

«Жалпы, биыл орталық мамандары тарапынан ауылдық округтерде 250, жоғары, орта арнаулы оқу орындарында 250, сондай-ақ, түзеу мекемелерінде, әскери бөлімдерде, сол секілді өзге де мемлекеттік мекемелерде кездесулер ұйымдастыру жоспарланған. Дегенмен, өңірлік зерттеу тәжірибесі тек арнайы іссапарлық зерттеулермен шектелмейді. Орталыққа жыл бойы еліміздің барлық аймағынан ақпараттық-түсіндіру топтары құрамында дәрістер оқу және топ мүшелеріне арналған оқыту семинарларын өткізу жөнінде сұраныстар көптеп түседі. Тақырыптық бағытына қарай мұндай шараларға мамандарды іріктеп жіберіп отырамыз. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің жоспарлы ақпараттық-түсіндіру шараларына да қатысып, ел аймақтарын жиі аралаймыз. Кей жағдайда жекелеген өңірлерде бірнеше маманымыздың қатысуымен екі-үш күндік семинарлар өткіземіз. Осындай шаралар барысында да зерделеу жұмыстарын қоса қамтып, талдаулар мен сауалнамалар жүргіземіз. Кешенді түрде жүргізілген барлық жұмыстар нәтижесінде біртұтас қорытынды жасалады», — дейді дінтанушы маман.

Айта кетейік, жыл басынан бері орталық тарапынан әлеуметтік желілерде 2073 мониторинг жүргізілген.

«Онда біз әлеуметтік желі бетіндегі неше түрлі қауымдастықтардың, басқа да түрлі сайттардың мақсатын анықтап, ондағы мәліметтерді тиісті органдарға береміз. Орталықтың арнайы сайты, әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Орталық қызметімен толық танысу үшін азаматтар centre-uko.kz ресми сайтын пайдалана алады. Сондай-ақ, бізде сенім телефоны да жұмыс істейді. Яғни, 21-44-15 және 8771 050 13 03 байланыс телефондары, сонымен қатар, республикалық 114 қауырт желі арқылы хабарласуға мүмкіндік бар», — дейді ол.

Айта кетейік, аталған орталықтың басты мақсаты – азаматтардың бойында радикалды идеологияларға қарсы тұра алатын иммунитетті қалыптастырып, облыстағы діни ахуалды бақылауда ұстау және облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес жұмысы және терроризмге қарсы күрес комиссиясының жұмысы арқылы бақылау талаптарын күшейтіп, облыстағы діни мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ету.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика