+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.08.2016 в 18:31

Жастардың 15,6%-ы діни рәсімдерді қатаң ұстанады – Ғ.Шойкин

ҚР МСМ Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің айтуынша, былтыр еліміздегі жастардың арасында әлеуметтік зерттеу жүргізіліп, олардың дінге деген көзқарастары анықталған.

Шокиннің мәліметінше, ел жастары арасында жыл сайын діннің ықпалы артып келеді екен.

«Жыл сайын дін саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу мақсатында тұрғындардың әртүрлі топтарының арасында әлеуметтанулық зерттеулер жүргізіліп отырады. Мәселен, біздің тапсырысымыз бойынша 2015 жылы 14 – 25 жас арасындағы азаматтарды қамтып, жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысына сәйкес, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 86,8%-ы өздерін дінге сенушілер ретінде санайтындықтарын айтқан. Сонымен бірге, сауалнамаға қатысқан жастардың 15,6%-ы діни рәсімдер мен жөн-жоралғыларды қатаң сақтайтын діндарлар екенін, ал респонденттердің басым бөлігі (71,2%) өздерінің діндарлығы діни мерекелер мен басқа да діни салт-дәстүрлерді формалды түрде орындаумен шектелетіндігін көрсеткен. Бұл деректер еліміздің жастарының басым бөлігі дінді ұлттық және мәдени-рухани бірегейлік ретінде түсінетіндігін көрсетеді. Жалпы, жастар арасында діннің ықпалының жыл санап артып отырғаны туралы айтқанда, діни құндылықтар мен азаматтық құндылықтарды алмастырмауын басты назарда ұстауымыз керек. Осы орайда, дәстүрлі діндердің туған жер мен Отанға деген патриотизмді терістемейтінін айта кету қажет», — дейді комитет төрағасы.

Айта кету керек, бүгінде еліміздегі барлық өңірінде әкімдіктер жанынан Дін істері басқармалары құрылған. Бұл ведомстволар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, тұрғындар арасында түрлі зерттеулер жүргізеді. Осы зерттеулердің нәтижесінде дәстүрлі емес теріс діни ағымдармен күрес жұмыстарының бағыты да белгіленеді. Мәселен, сала мамандары Оңтүстік Қазақстан облысында жат ағымдардың жетегінде жүрген 3 мыңнан атсам адамның бар екенін анықтап отыр. Дегенмен, бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика