+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
22.08.2016 в 18:43

Кәрім Мәсімов Шымкент әуежайы мен вокзалының қауіпсіздігін тексеріп көрді

Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы іс-сапармен келген ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Шымкенттегі әуежай мен темір жол вокзалында және автовокзалда болып, ондағы қауіпсіздік жүйесімен танысты, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Премьер-Министрдің жұмыс сапары барысында маңызды істердің бірі – әуежай, вокзал қауіпсіздік жүйесін тексеру. Көпшілік жиналған жерде көлік инфрақұрылымы нысандарына баса назар аударуға осы жылдың 5 маусымында Ақтөбеде, 18 шілдеде Алматыда орын алған қайғылы оқиға, сондай-ақ түрлі елдердегі терактілер себеп болып отыр.

Кәрім Мәсімовке «Шымкент әуежайы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы М.Шыныбаевтың айтуынша, Ақтөбедегі оқиғадан кейін Шымкент әуежайы күшейтілген қауіпсіздік шараларына көшті. Күнделікті жолаушылар ағыны 1 мыңнан астам адамды құрайды, олардың бәрі аэровокзал ғимаратының кіре берісіндегі қосымша тексеріс орнынан өтеді. Премьер-Министр тексеріс орнының жүйесін тексеріп, әуежайдың антитеррористік қауіпсіздік деңгейін бағалады, сондай-ақ жекелеген ұшу-қону жолағын қайта жөндеу жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, «Вокзал Қызмет» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының директоры Е.Шынтеков және «Самал» халықаралық автовокзалының директоры А.Шалабаев Кәрім Мәсімовке теміржол мен автовокзалдарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысы туралы мәлімдеді.

Айта кетейік, маусым және шілде айларында Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін республика аумағында қауіпсіздік шаралары күшейді. Әсіресе, адамдар көп шоғырланатын жерлерде барынша сақ болған жөн дейді мамандар.

Сонымен қатар, ҚР Терроризмге қарсы орталығының штабы лаңкестік болған жағдайда немесе антитеррористік операция жүргізілген кезде қарапайым тұрғындардың өзін қалай ұстау керектігі көрсетілген арнайы әдістемелік ұсынымдар әзірлеген.

Мәселен, кез-келген күдікті зат немесе күдікті адам көзге түскен жағдайда көп күтпей, дереу тәртіп сақшыларына хабарлау керек. Әсіресе, жолаушылар бейтаныс адамдардан пакеттер, сөмкелер қабылдап алмауы керек, сондай-ақ, өз жүктеріне де ие болған абзал. Ал, төтенше жағдай бола қалса үрей мен байбаламға берілмей, мамандардың көмегін күту қажет немесе өздігімен қауіпсіз жерге шығу керек. Эвокуация кезінде лифт пайдалануға тыйым салынады.

Ал, егер иесіз жатқан күдікті зат табыла қалса оны ұстауға, сөмке болса ашып көруге мүлдем болмайды. Тәртіп сақшыларына хабар берілген соң, күдікті заттың маңайындағы адамдардың бәрін ескертіп, алысқа кетуін талап ету керек.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика