среда, 24 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері тұрақты

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев облыстық мәслихат депутаттары алдында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысына есеп берді, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 6 айдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері тұрақты. Бүгінде аймақ халық санының өсуі бойынша екінші орында. Жыл сайынғы өсім 3%-ды құрап, бүгінгі таңда облыс тұрғындарының саны 634 мың адам болды.Өнеркәсіп өнімінің көлемі 875 млрд.теңгені, ал нақты көлем индексі 97,6%-ды құрады. Соған қарамастан, Маңғыстау облысы республикада өндірілген өнімнің 11%-ын қамтамасыз етті. Мұнай өндіру көлемі 9 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 315 мың тоннаға аз. 1,4 млн.шаршы метр газ өндіріліп, өсім 14%-ды құрады. Ағымдағы жылда өндіру көлемі 17%-ға өсіп, 60 млрд. теңгені құрады. Бұл өсімді «Caspian Offshore and Marine Construction», «ЕРСАЙ», «ГММОС Казахстан», «Казазот» және «Стеклопластикалық құбырлар зауыты» сияқты кәсіпорындар қамтамасыз етті.

Осы жылы Бейнеу ауданының Төлеп ауылында 40 орындық балабақша,  Бейнеу ауылында су тазарту ғимараты мен ауылішілік су құбыры, 4 пәтерлі тұрғын үй және ауылішілік жолдар құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылында Бейнеуде 900 орындық мектеп пайдалануға беріледі.  «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» тас жолдарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын.

Қарақия ауданының бюджет көлемі 12 млрд. теңге. Ауданда бірнеше ірі жобалар іске асырылуда. Соның ішінде, Болашақ стансасында 2 пәтерлі 5  тұрғын үй құрылысы, Құрық және Бостан ауылдарындағы жаңадан салынған тұрғын үйлерге электр және газ желілерін тарту; 4 бірлік кәріз тазалау тораптарын орнату; аудан орталығында 550 орындық жұмысшылар жатақханасының және Жетібай ауылында ауылішілік автомобиль жолы мен 280 орындық балабақша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Маңғыстау ауданында 65 орындық 1 балабақша қолданысқа берілді. Оңды, Ақшымырау, Жармыш, Тұщықұдық, Жыңғылды ауылдарында 4 пәтерлік тұрғын үй және Жармыш ауылында дренаж құрылысы аяқталып қалды.

Табиғи өсім мен миграция есебінен Мұнайлы ауданы қарқынды дамуда. Мектептерде үш ауысымды оқытуды жою жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда бұл мәселе аудан әкімдігі тарапынан бос орындары бар мектептерге автобустармен балаларды жеткізу арқылы шешіліп келеді.

Жаңаөзен қаласын дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Осы бағдарламаның іске асырылуынан бастап, қаржыландырудың барлық көздері есебінен қаланы дамытуға 49 млрд.тенге бағытталды. Нәтижесінде қалада және оған қарасты елді мекендерінде жаңа әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар салынды. Жылу, су, газ, электр желілері жаңартылып, біртіндеп автомобиль жолдары салынып жатыр. Жыл сайын жаңадан салынған спорт және аула алаңдарының саны артып келеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: