+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
10.08.2016 в 18:29

Шаруалар жұмысымен танысты

Маңғыстау облысында ҚР Жер кодексінде қарастырылған заңнамалар бойынша жер телімдерін алып, ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жатқан кәсіпкерлерге және жалпы жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аймақта сегіз ақпараттық-насихат тобы құрылды.

Топтардың құрамына барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, жер қатынастары басқармасының қызметкерлері, партия ардагерлері енгізілген, барлығы 115 мүшесі бар.

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыс­тық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Х.Нұрғалиева жетекшілік жасайтын ақпараттық-насихат тобы Қы­зылқұм жеріндегі егіс алқабын аралады. Шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты, егіншілердің жер реформасына қатысты сұрақтарына жауап берді.

«Бүгінде Қызылқұм жерінде 5 шаруа қожалығы жемісті еңбек етуде. Олардың барлығы да қызанақ, қияр, қырыққабат, болгар бұрышы, қауын-қарбыз тағы бас­қа көкөніс түрлерін өсіріп отыр. Барлығы да кәсіптерін 2003-2005 жылдар аралы­ғында бастаған шаруалар. Бәрі де жерді 49 жылға жалға алып, тамшылата суару әдісін қолдануда», — деді Х.Нұрғалиева.

«Қалмұрат» шаруа қожалығының басшысы Өмірбек Мамутов 100 гектар жердің 20 гектарына көкөніс өсіріп, 21 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ол жер­дің әр гектарына 72 мың теңге субсидия бөлінетіндігін, ал тыңайтқыш алуға 50 пайыз жеңілдік бар екендігін айтты.

Итеміш Алданов басқаратын «Ите­міш» шаруа қожалығының иелігінде 92,5 гектар жер бар. Соның 14,5 гектар жеріне егін салып, 6 адамға жұмыс тауып берген.

«Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Оңдабаевтың айтуынша, Мұнайлы ауданында егін шаруашылы­ғымен айналысатын бүгінде 30-ға жуық шаруа қожалығы бар.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика