+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
19.08.2016 в 20:22

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың өкімімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Қадыр Марал Жұмабекқызы тағайындалды, деп  облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қадыр Марал Жұмабекқызы 1964 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ.

Білімі жоғары. Гигиенист-эпидемиолог дәрігер мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын және құқықтану мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін тәмамдаған.

1990 жылдан бастап Маңғыстау облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында жұмыс істеді.

2000 жылдан бастап облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде қызмет етті.

2012 жылдың қыркүйек айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.

Соңғы жұмыс орны ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, Маңғыстау облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика