+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
26.08.2016 в 18:03

БҚО-да кәсіпкерлер форумы өтті

Батыс Қазақстан облысында Сырым ауданында «Сырым INVEST 2016» кәсіпкерлер форумы өтті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Форум жұмысына БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов қатысты. Сонымен қатар жиынға облыстың барлық аудандарының кәсіпкерлері түгел шақырылған, одан бөлек Атырау, Ақтөбе облыстарының кәсіпкерлері де қатысқан еді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нақты 100 қадам» ұлт жоспарының 54- қадамында Кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес – омбудсмен институтын нығайтуды тапсырған болатын.

«Осы бағыттағы жұмыстарды атқару, аудандық жерлердегі кәсіппен айналысатындарды қорғау, олардың саның арттыру мақсатында БҚО-да жұмыс жүйелі жасалып келеді», — деді форумда сөз алған БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.

Форум аясында БҚО кәсіпкерлерінің қолымен өндірілген өнімдер ел назарына ұсынылды. «Қазақстанда жасалған» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған көрмеге Атырау мен Ақтөбеден келген кәсіпкерлердің де   өнімдері қойылған. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 2 млн несие алып өз кәсібін бастаған Сейтқали Шутановта осы жерден табылды.

«Басында қиындау болды, мемлекет тарапынан қолдау болмаса қалай болатынын да білмеймін, үкімет қол ұшын беріп, мемлекеттен несие алдым, сосын кәсібімді әрі қарай дөңгелете бердім, қазір аяқ ким цехын ашып алдым, таза теріден аяқ киім тігемін, тапсырыс көп», — дейді С.Шутанов.

Елдің экономикалық жағдайын жақсартып, халықтың әлеуетін арттыру үшін алдымен жұмыссыздықпен күресу қажет. Азаматтар екі қолға бір күрек таппай сенделмей, осылайша өз кәсібін бастап жатса несі жаман. Бас  қосқан кәсіпкерлердің бәрі де бүгінде өздеріне ғана жұмыс тауып қоймай, айналасындағы жоқ дегенде 6-7 адамды жұмыспен қамтып отыр. Одан бөлек ел бюджетіне ақша түсіреді, яғни салық төлейді.

«Дамудың даңғыл жолын таңдаған еліміз қай уақытта да белгілі бір нақты іс-қимыл бағдарламаларын басты бағыт ретінде ұстап келеді. Осындай бағдарламалық құжаттардың бірі де бірегейі ретінде «5 институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын айта аламыз. Елбасымыздың барлық бастамаларында басты назар нақты осы шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытуға беріліп отыр. Елбасының «Ұлт Жоспарынан» туындаған міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруға Сырымдықтар да өз үлестерін қосып келеді», — деді Форум соңында сөз алған аудан басшысы Абат Шыныбеков.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика