+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
23.08.2016 в 16:06

Маңғыстау облысының құқық қорғау органдары алты жасар қыз баланы зорлауға қатысты күдіктіні іздестіруде

Маңғыстау облысының барлық құқық қорғау органдары алты жасар қыз баланы зорлауға қатысты күдіктіні іздестіру және ұстауға жұмылдырылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Чужеғұлов хабарлады.

Дәл қазір күдікті деп танылған адамдар анықталған. Куәгерлерді сұрастыру барысында 1 ықшамаудандағы «Иваныч» дүкенінің бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған ер адам – «Дэу Нексия» автокөлігінің жүргізушісі танылып отыр.

«Сенбі күнінен, қыз баланы іздестіру ұйымдастырылған сәттен бастап жедел-тергеу тобы құрылып, оның жұмысын Маңғыстау облысының әкімі өз жеке бақылауына алған болатын. Бүгінде келбеті азият ұлтына тән белгісіз адамның жеке тұлғасын анықтау бойынша шаралар жүргізілуде. Маңғыстау облысы бойынша ақшыл сары түсті 698 “Дэу Нексия” маркалы автокөлік тіркелген. Қазіргі уақытта олардың 275-і тексерілді. Маңғыстау облысының барлық құқық қорғау органдары күдіктіні іздестіру және ұстау үшін жұмылдырылған. Күдікті туралы бағыттама және оның фотороботы көршілес аймақтарға жіберілді», — деді Әнуар Чужеғұлов.

Құқық қорғау органдары облыс тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Егер сіздер қандай да бір адамның күдікті әрекетіне куә болсаңыз немесе балаңызды таба алмай жатсаңыз, бірден полицияға хабарлауыңызды сұраймыз.

«Орын алған оқиға баланың іздестірілуінің жедел басталуы қайғылы жағдайдың алдын ала алмаса да қылмыскердің ізін суытпай ұсталуына мүмкіндік беретінін көрсетеді. Оқу жылының алдында өздеріңіздің және бөтен балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Егер сіз далада ересек адамның қарауынсыз қалған бала көрсеңіз, дереу 102 нөміріне телефон соғып, полицейлердің келуіне дейін күтуіңізді сұраймыз», — деп атап айтты Ә.Чужеғұлов.

Күдіктінің орналасқан жері анықталған жағдайда мына телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: 102, 47-50-15, 47-50-38, 47-50-88, +77055660801, +77075660801.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика