+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
01.09.2016 в 06:52

Оралдық аналар бірлікті қолдайды

Орал қаласында 5 мыңға жуық ақ жаулықты ана Линдовского көшесінен бастап Мәңгілік алауға дейінгі аралықты жаяу жүріп өтті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

«Елде соғыс болмасын, бейбітшілік орнасын», — деп ұрандаған топтың ішінде аналар, жас қыз - келіншектер, тіпті жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар да бар. Бір айта кететіні көшені бойлап жүріп өткен аналар мен қыз -келіншектердің бәрі бастарына ақ орамал тартып алған.

Бүгінгі күн ерекше, таң білінгеннен бастарына ақ шарқат орамал тартқан қыз - келіншектер мен ақ жаулықты аналар мәңгілік алау алаңына қарай ағылып жатыр. Бәрінің бастарында сүттей аппақ орамал, тап осы ақ орамалдай тілектері де, ниеттері де аппақ. Ана тілегі, ана жүрегі бір ғана нәрсені қалайды. Бала - шағам аман болсын дейді, ал ол дегенің елде бейбітшілік болсын деген сөз. Бүгін алаңға жиналған аналардың бәрі «Бейбітшілік болсын, соғыс болмасын, тероризмге жол жоқ», - деп ұрандады.

Елбасының «Әлем. 21 ғасыр» атты манифестін қолдауға шыққан аналардың бәрі ядролық қарусыз саясатты қолдайды.

«Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей ядролық қарудан бас тартқан елміз, біз қарусыз саясатты қолдаймыз, біздің халқымыз бейбітшілік пен ынтымақты қолдайды, мына сіздер де осы саясатты қолдайсыздар, аналардың тілегі қашанда қабыл болған», — деді Ақ орамал акциясы барысында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов.

Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай өтіп жатқан, Ақ орамал акциясы республиканың түкпір түкпірінде өтіп жатыр. Соған батысқазақстандық әйелдер де ат салысқаны. Бұған дейін аудандарда өткен ақ орамал акциясының қорытынды жиыны бұл. Акция барысында ән де  айтылды, би де биленді. Елбасының  бірлік пен ынтымақ саясатын қолдайтын топтың жұмысы мұнымен тоқтамақ емес. Ел Президенті Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» атап көрсеткендей «Бірлік пен біртектілік» қазақстандықтардың басты мақсаты болуы керек.

Қазақ әйелінің басына тартатын ақ орамалы жәй сәндік үшін тағылмаған.Ақ орамал тазалықтың, ақ ниеттің, адалдықтың символы деп есептелген. Ертеректе жауласқан екі жақты мәмілеге келтіріп, соғысты тоқтату үшін аналар ортаға ақ орамал тастап, екі жақты бітімге шақыратын болған. Бүгінгі ақ орамал тартқан аналардың да тілегі сондай көп этносты Қазақстанда соғыс болмасын, тыныштық болсын дейді.Әр үйдің төрінде тек той болып, әр шаңырақтан шаттық үні естілсе дейді. Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева шаңырақ көтерген жас жұбайларға бата берді.Жас шаңырақтың егесі атанып отырған жас келіндердің басына ақ орамал тартты.

Акция соңында Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні орындалды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика