+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
01.09.2016 в 22:18

Алтай Көлгінов батысқазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

Бүгін - білім күні. Бұл күні барлық білім ордаларының есіктері айқара ашылып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн. Бүгін республиканың түкпір - түкпірінде алғашқы қоңырау сыңғырлап, білімге құштар балақандар мектепке қарай ағылып жатқан күн. Қолдарына  шоқ гүл ұстаған оқушылар, көңілдері толқыған ата – аналар Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің маңайын гүлдендіріп жіберген.

Назарбаев Зияткерлік Мектебіндегі салтанатты жиын аймақ басшысы Алтай Көлгінов пен қала әкімі Нариман Төреғалиұлының қатысуымен өтті. Сонымен қатар, оқушылар, кеудесі гүл шоқтарымен толған ұстаздар, ата-аналар мерекелік алаң сәнін көркейте түсті.

Салтанатты жиын барысында аймақ басшысы алғы сөз сөйлеп, жас ұрпақтың білімді де табысты болуына қазіргі заманда мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалып жатқандығы туралы мәлімдеді.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында атап көрсеткеніндей «Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО – да ағылшын тілінде оқытуға кезең – кезеңмен көшу.Басты мақсат – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру» Бұл мақсатта, білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу үшін, елбасы тапсырып отырған бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру  үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін бүгінде Орал қаласындағы басқа орта білім беретін мектептерде пайдаланып келеді.

Айта кетелік, биыл аймағымыздағы Елбасы атындағы мектеп 510 оқушыны білім нәрімен сусындатпақ. Оның ішінде 100 оқушы, 700 үміткердің ішінен іріктеліп алған зияткерлер екен.

Мектеп басшысы, мектептің жетістіктерімен бөлісіп, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «25 ізгі істер» атты науқанның бастау алғанын хабарлады.

Білім күніне арналған салтанатты жиын аяқталысымен, жаңадан келген 7-сынып оқушылары аймағымыздың басшыларымен бірге мектеп ауласына алма ағашын отырғызды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии в первом абзаце гиперссылки на непосредственный адрес материала на сайте ИА «NewTimes.kz». Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика